Әділдік жолы оңай жол емес

Жаңа Қазақстанды, яғни әділетті

Қазақстанды құру Конституциямызды халқымыздың мүддесі мен талабына сай етіп алудан басталса етті. Бұл орайда Президентіміз ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ қазіргі Конституцияға өзгерістер енгізу керек деген өз халқының талаптары мен тілектерін ескеріп, Референдум өткізу жайлы шешім қабылдады.

Кәне, енді Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын” мемлекет құру бағытын жоққа шығара алар ма екенбіз?! Қазіргідей әлемдік саясаттың ширығып тұрғаны бар және де қазақ елінің де “қаңтар оқиғасы” жағдайынан тайталасқа түскенін ескерсек біз алда болатын Конституциялық реформаға байланысты Референдумды ойдағыдай өткізуге жұмылғанымыз жөн.

Қоғамдық пікір Ата Заңға Елбасының рөлін жазуға келгенде наразылықтардың астында қалды. Халық мұны қалап отырған жоқ.

Өз халқының осы пікірін де ескерген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл пікірді де Конституциялық Кеңестің талқысына салды. Конституциялық Кеңес те халықтың басым көпшілігінің талабын құптап, Ата Заңға Елбасының рөлін көрсетуге негіз жоқ деген тұжырым жасады.

Расында Елбасының тәуелсіздік жылдардағы рөлі тарих беттеріне жазылғаны да жазыла берері де бар. Бәрін де сараптап, бағасын берер Уақыт деген төреші және сол уақыт төрешінің шешімі жазылар табло- Тарих бар!

Президентіміз саяси реформалар жүргізу арқылы Жаңа Қазақстан құруға адал ниетімен кірісіп отыр. Әрине оңай болмасы да анық! Жаңа Қазақстан, яғни, әділетті Қазақстан болғанын қаламайтын топтар да бар. Заңды да белшесінен басып, қазақ елінің байлықтарын да бір өздері иемденіп, мемлекеттегі ықпалдарын, биліктегі таныс-тамырлықты, тіпті бір әулеттің фамилиясын да пайдаланып, ешқандай қымсынбастан басып қалғандар сайранды күндерін оңайлықпен ұмыта қояр ма екен? Болмаса ашкөздікке, тойымсыздыққа, тексіздікке, құлқынқұмарлыққа салынып және де өз халқының жүдеу тұрмыс кешіп, күндерін әзер көріп отырғанын көре тұра көрмегенсіп. Біле тұра білмегенсіп арсыздықпен жинап алған шексіз байлықтарынан оңайлықпен айырылғысы келе қояр ма екен?

Ендігі арада өз халқының байлығын талан-таражға салғандар мен заңсыз иеленіп кеткендер, біреулердің адал еңбектерімен құраған бизнестерін ұялмай да қызармай да тартып алғандар мен солардың төңірегіндегі ықпалды топтар заң алдында жауап беру болатындығын, соның келіп жеткенін сезген сайын Президентіміз Тоқаев жайлы не бір өсек-аяң, түрлі қауесеттер таратып, халықтың билікке деген сеніміне көлеңке түсіруге әрекеттеніп жатқандық та жоқ емес, бар. Кешегі қаңтардағы жағдай осы пиғылдан басталғаны да анық!

Әділдік жолы оңай болмайтындығын Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан да болатын. Біз әділдікті жақтасақ және әділдікке негізделген Жаңа Қазақстан құруға шынымен мүдделі болсақ, онда Президентіміздің өз халқына деген адалдығына күмән келтірмейік және жүргізіп отырған саяси реформалары тек қана ел мүддесі үшін, Тәуелсіздік мүддесі үшін ғана жасала бастаған қадамдар екендігін терең сезінейік те, қолдау білдірейік!

Қасым-Жомарт Кемелұлы халқын алдамайтын адал Тұлға!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар