2022 жылғы наурыз айы үшін Ақмола облысының Инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы наурызда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 103,8 % құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 101,9%, республикалық мағынада тиісінше 105,2 % және 101,9 % құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,9 %-ға, азық-түлік тауарлары – 5,2 %-ға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 2,6 %-ға қымбаттады.

2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2022 жылғы 25 сәуірге дейін базалық мөлшерлеме 13,5 % құрады. 2022 жылғы 26 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 14,0% құрайды.

Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,8%-ға азайып, 85,9 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 33,2 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 52,7 миллиард АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазшочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2022 жылдың наурыз айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 455,11 теңгені,  еуроға – 510,79 теңгені, ресей рубліне – 5,34 теңгені құрады.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысында                    61 айырбастау пункті, оның ішінде: 51 – банк  филиалдарының, 4 – «Казпошта» АҚ-ның және 6 уәкілетті ұйымның 6 айырбастау пункті жұмыс істейді.

2022 жылғы наурызда облыстағы айырбастау пункттері 10,0 млн. АҚШ долларын, 1,6 миллион еуро және 748,8 миллион ресей рублін сатты. 2021 жылғы наурыз айында – 4,9 миллион АҚШ доллары, 1,2 миллион еуро және 494,1 миллион ресей рублі сатылды.

.

Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 262,4 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,3 %-ға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 9,6 %-ға өсті.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 84,0 %-ды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 9,01 %, шетел валютасы бойынша – 0,85 % болып қалыптасты.

Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 357,7 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 325,4 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 29,8%-ға, өткен аймен салыстырғанда 1,4 %-ға өсті (2022 жылғы 1 наурызға – 321,0 миллиард теңге).

2022 жылғы наурызда облыс банктерімен берілген кредит сомасы        2022 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 19,9% өсіп, 27,1 миллиард теңгені құрады.

2022 жылғы наурыз айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 14,7 %-ды құрады.

2022 жылғы наурызда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 96,1 % болды.

Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 117,6 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы наурыз айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 5,4%-ға азайып,  9 516,8 миллион теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 95,7 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы наурыз айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 5 465,7 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 21,0% немесе 949,6 млн. теңгеге өсті.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 сәуірге 54,4 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы наурыз айында 6 327,3 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 17,2%-ға өсті (2022 жылғы ақпанда – 5 397,0 миллион теңге берілді). 2022 жылғы наурызда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 13,8% құрады.

          Төлем карточкалар нарығы.

Облыс     бойынша     айналымдағы     төлем     карталарының     саны  2022  жылғы  1  сәуірге  1 321  мың  бірлікті  құрады   (алдыңғы   аймен салыстырғанда 0,9%-ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,3% құрайды.

2022 жылғы наурыз айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 150 014,1 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 16,2%-ға өсті). Транзакциялар саны 9 925,1 мың транзакцияны құрап 13,1%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 13,3% өсіп, 9 165,5 мың транзакцияны құрады, сомасы 18,0%-ға өсті (мөлшері 102 586,0 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 11,1%-ға дейін өсті (транзакциялар саны 759,6 транзакцияны құрады), сомасы 12,5%-ға өсті (мөлшері 47 428,1 мың теңгені құрады).

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 17 518 POS-терминал, 422 банкомат, 10 149 кәсіпкер[1]; 15 020 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша

[1] Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар