Майданнан хат

Үй ішіне, ініміз Сәкенге, яғни, келіндерге, балаларға, жолдасым Қапышқа, ағайын-туысқандарға Шәріп, Жәкіш, Бәбіғұлға, Рақия, Күлмайданға, Сарашкаға, бәріңізге де сағынышты сәлем, тілектес туысыңыз Қабдолладан.

Менің балаларым тегіс аман ба? Ал менің амандығыма келсем, аман-сау жүріп жатырмын. Әзір тұрмыс жаман емес. Бірақ, жолда ауыр болды. Вагонда жетпіс кісі мініп келдік, тығыз болып, қиын соқты. Ауылдан барған жігіттер біргеміз. Шадан да қосылды, әскер тәртібін қолданып жүр, тәртіп қатты.

Басқа не жазайын. Қош болыңдар. Жауды жеңіп, аман-есен оралайық.

Тілектес болайық. Біздің адресіміз: г.Прикаспийский, станция Усад-Шахты.

Сәлеммен, Қабдолла Доскенов.

P.S. Өкінішке орай, өңіріміздің «Сұлукөл» колхозындағы туған бауыры Сәкен Доскеновқа  осы үшбұрышты хатты жазған ағасы Қабдолла Доскенов сол кеткеннен қан майданнан оралмады. Тек жан әкесінен әлі де күдер үзбей, жылдар бойы келеді деп тосумен ғана болған туған қызы Зейнікеш Ғабдуллина (Доскенова) осы сағынышты хатты бойтұмардай сақтап, бүгінгі күнге жеткізе білді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар