Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«AMANAT» партиясы референдум өткізу бастамасын қолдайды - АРҚА АЖАРЫ

«AMANAT» партиясы референдум өткізу бастамасын қолдайды

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бейнеконференция байланысы арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау үшін партияның республикалық штабының алғашқы жиынын өткізді. Жиын барысында Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөніндегі «AMANAT» партиясының үндеуін жариялады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партия республикалық және 17 өңірлік штаб құрды. Олардың құрамына орталықтағы және өңірлердегі «AMANAT» активтері кірді. Аталған жұмыстарды үйлестіруге Парламент пен мәслихаттардағы фракция депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, жастар қанаты мен өңірлердегі филиалдар атсалысады. Партия мүшелері өңірлерде және шалғай елді мекендерде сайлаушылармен кездеседі.

Ал Ақмола облысында партия филиалдары жанынан 20 штаб құрылып, бүгін аймақтық штабтың алғашқы жиыны өтті. Облыс бойынша штаб мүшелерінің саны 400-ден асады. Оның 36-сы облыстық штаб мүшелері.

Облыстық штабтың төрағасы болып бекітілген Ғалым Бекмағамбетов Партия Төрағасы жүктеген тапсырмалар мен алда өтетін ауқымды да маңызды шаралар туралы хабарлады.

— Ел үшін, халық үшін осындай маңызды сәтте біздің партиямызда тыс қалмай өзінің барлық ресурстарын қолдана отырып, үгіт-насихат жұмыстарына қатысатын болады. Облыста 507 442 сайлаушы бар. Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін желілік кесте бекітілді.

Атап өтерлігі, Ақмола облысына 12-19 мамыр және 23-31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асқарбек Үйсімбаев, Юлия Кучинская, Марат Құсайынов, Мәди Елубаев іссапармен келіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Партия Төрағасы Е.Қошанов: «Президент Қазақстан халқына жариялаған биылғы Жолдауында ауқымды саяси реформалар ұсынды. Бұл реформалардың мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, суперпрезиденттік басқару формасынан Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейген саяси жүйеге көшу, демократиялық процестер қарқынын үдету, елдегі бірлік пен ынтымақты арттыру», — деп мәлімдеді. Сондай-ақ ауқымды реформалар сайлау, партиялық және сот-құқықтық жүйесін, аумақтық-территориялық құрылымы мен мемлекеттік биліктің бөліну принципін түбегейлі өзгертетінін атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар