Бүгін – Жеңіс күні

Бүгін – екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 77 жыл. Сұрапыл соғысқа қазақ жерінен 1 миллион 200 мың жауынгер аттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Солардың тең жартысы майдан даласынан оралмады. 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанып, 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Бүгінде Қазақстанда 381 соғыс ардагері тұрады. Олардың басым бөлігі Алматы және Алматы облысында. Қалғаны елдің әр өңірінде. Тек Атырау облысында соғыс көрген көзі тірі ардагер жоқ.
Аймақтағы ҰОС ардагерлерінің саны:
Нұр-Сұлтан қаласы – 18, Алматы қаласы – 75, Шымкент қаласы – 7, Ақмола облысы – 14, Алматы облысы – 41, Ақтөбе облысы – 8, БҚО – 21, Жамбыл облысы – 26, Қарағанды облысы – 25, Қостанай облысы – 36, Қызылорда облысы – 7, Маңғыстау облысы – 6, Павлодар облысы – 17, СҚО – 15 ШҚО – 43, Түркістан облысы – 22. Барлығы – 381 ардагер бар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар