Бас партияның Ақмола филиалына жаңа атқарушы хатшы тағайындалды

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалына жаңа басшы келді. Партия Жарғысына сәйкес партияның Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының келісімі бойынша және партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығы негізінде Айна Ермекқызы Мысырәлімова партияның Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы болып тағайындалды.

Айна Ермекқызының есімі ақмолалықтарға жақсы таныс. Ол 5 жылға жуық облыс әкімінің орынбасары болып жемісті еңбек етті. Бұған дейін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, кейін 2015 жылдың қараша айынан бастап облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды. Айна Мысырәлімова жергілікті атқарушы органдарда әкімшілік мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Осы күнге дейін өзіне артылған сенімді абыроймен атқарған Айна Ермекқызына енді көшбасшы партияның облыстық филиалындағы жұмысты жандандыру тапсырмасы жүктеліп отыр.

Ал, бұған дейін партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы болған Ғалым Бекмағамбетов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Ғалым Мәдешұлы партияның облыстық филиалында 8 жыл бойы адал қызмет етіп, партияның халық пен билік арасындағы алтын көпір ретінде нәтижелі жұмыс істеуіне зор еңбегін сіңірген. Ол әріптестері мен облыс тұрғындарының беделіне ие тұлға. Ғалым Мәдешұлына облысымыздың гүлденуі бағытында атқаратын жаңа қызметіне де толағай табыстар тілеген әріптестері құрметпен шығарып салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар