Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді жаңарту жолындағы тұрғындар белсенділігі артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Елді жаңарту жолындағы тұрғындар белсенділігі артып келеді

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың Сандықтау, Атбасар және Жақсы аудандарында халыққа есеп беру кездесулерін өткізді және азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Сандықтау. Өңір басшысы сандықтаулықтар алдында сөйлеген сөзінде атап өткеніндей, табиғаты тамаша өңірде бұрын-соңды тұрғын үй салынбағанын тілге тиек ете отырып, ауыл шаруашылығы мен құрылыс жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанына тоқталды. Қалай десек те,  тұрғын үй құрылысы жүйелі қолға алынып, ауданда биылғы жазда екі үй пайдалануға берілмекші. Сонымен қатар, тұрғындар алдында есеп берген Ермек Боранбайұлы аудан жұртшылығын, депутаттарды, азаматтық қоғам өкілдерін ауданның инфрақұрылымының сапалы салынып, жөнделуі үшін ортақ жауапкершілікте болуға шақырды.

– Аудан әкімі айына бір рет Ашық есік күнін өткізіп, мердігерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді ашық талқылап, халыққа ақпарат жеткізуге міндетті. Мемлекет қыруар қаржы бөледі, оны жыл соңында республикалық бюджетке қайтарып алмас үшін дұрыс пайдалану керек. Өкінішке орай, қаржының толық игерілмеуі жиі болып тұрады. Қаражат өңірлердің жағдайын жақсартуға, тұрғындар  ауылдан кетпей, сонда тұрақтап жұмыс істеуге жұмылдыру үшін беріледі, – деді Ермек Маржықпаев.

Жетістіктер мен алдағы жұмыстарды баяндаған аймақ басшысы Сандықтау даму әлеуеті жоғары жетекші аграрлық аудан екенін еске салды. Мұнда үш жыл қатарынан мал басы көбейіп келеді. Ет өндіру 1,5 мың тоннаға, сүт 5 мыңнан астам тоннаға жеткен. Шаруалар машина-трактор паркін айтарлықтай жаңартып, 15 миллиард теңгеге техника сатып алған.

Владимировка және Богородка ауылдары арасындағы, Мәдениет кентіне және Дорогинка ауылына дейінгі жолдар жөнделіп, Балкашин ауылының жолы ретке келтірілді. Ұлан ауылында 229 миллион теңгеге 11,5 шақырым су құбыры қайта жаңғыртылып, сандықтаулықтардың 70 отбасына жаңа пәтерлер берілді, оның ішінде аудан орталығында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 45 пәтерлік тұрғын үй құрылысы салынды.

Өкінішке қарай, Балкашин кентіндегі орталық қазандықтың қазандықтары мен жабдықтары тозған. Оның қуаттылығын арттыру үшін 8,6 миллион теңгенің жобасына мемлекеттік сараптама жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ауданға 625,6 миллионтеңге бөлінген. Каменка ауылында су құбыры желілерін, сондай-ақ, аудан орталығында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін екі 36 пәтерлік тұрғын үй салу, Балкашин селосындағы 45 пәтерлік тұрғын үйге инженерлік желілерді тарту жоспарлануда. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінуде. Өткен жылы аудандық аурухана күрделі жөндеуден өткізіліп, 184 миллион теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынған. Биылғы жылы Лесное және Каменка ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салу мәселесі қарастырылуда.

Өңір басшысы азаматтарды жеке қабылдау барысында Балкашин ауылының тұрғыны Людмила Петрова орталық көшедегі тротуарларды жөндеуге қатысты сауалын жолдады. Оған облыс әкімі бюджетті жоспарлауды қоса алғанда, 30 миллион теңге бөлінеді, деп атап өтті. Аудандағы тағы бір өткір мәселе – балалар мен ересектердің өміріне нақты қауіп төндіретін қаңғыбас иттерге қатысты болды. Аймақ басшысы елімізде бұл мәселенің әлі шешімін таппағанымен түсіндірді.

Атбасар. Мұнда Ермек Маржықпаев негізінен Жақсы ауданында өндірілген өнімдерді сататын «JAQSY» фирмалық супермаркетінде болды.

– Біздің табиғи өнімдеріміздің барлығы Жақсы ауылында шығарылады. Біз 1 мамырдан бастап Атбасарда жұмыс істей бастадық. Көкшетауда фирмалық дүкен ашуды жоспарлап отырмыз, – дейді супермаркет директорының орынбасары Нұрлан Қалиев.

Тұрғындармен кездесуде атбасарлықтарды толғандыратын бірнеше өзекті мәселелер көтерілді. Оларды алға тартқандардың бірі, елді мекеннің мәселелерін шешуге белсене араласып жүрген блогер Павел Рудик болды. Ол бірнеше жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген қала көшелеріндегі жолдардың жай-күйіне алаңдаулы. Оның айтуынша, бұл мәселе қала әкімдігінде бірнеше рет көтерілген, оның қызметкерлері өз жауаптарында облыстық бюджеттен осы мақсаттарға қаражаттың жоқтығына сілтеме жасайды. Өңір басшысы блогердің әлеуметтік желілерін жиі қарап отыратынын, бұл мәселенің жақын арада шешімін табатынын жеткізді. сонымен қатар, атбасарлықтар облыс әкіміне ауыз сумен қамтамасыз ету және мал азығына баға мәселесі бойынша өтініш білдіріп, егіс алқаптарын басып жатқан киіктердің мәселесіне де тоқталды. Олардың айтуынша, қызыл кітапқа енген жануарлар, аймақтағы егінді құртады, мұндай жағдай өткен жылы барлық жерде байқалған.

Жақсы. Ауданда халықпен кездесулер тұрақты өткізіліп тұрады. Ауыл тұрғындары бұл жолы да көкейтесті сауалдарын қойып, облыс басшысынан дәйекті жауаптар алды. Аудандық мәслихат депутаты Павел Казмин Жақсы-Чистополь жолын жөндеуді ұсынып отыр. 2019 жылы осы учаскені күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленді, ол екі рет түзетуден өткен. Биылғы жылғы  жұмыстарды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 600 миллион теңге бөлінгені айтылды. Жоба үш жылға есептелген.

Жергілікті тұрғын Алексей Побиденный Белағаш ауылындағы жол жөндеу жұмыстарына алаңдаушылығын білдірді. Жауап ретінде облыстық бюджеттен Сарыарқа және Дзержский көшелерінің бойындағы жолдарды орташа жөндеуге 10 миллион теңге бөлінгені, жұмыстар 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізілуі тиіс екені айтылды. Жастар атынан Татьяна Серова облыс әкіміне Монастырка ауылындағы көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша сауал жолдады. Оған көшені жарықтандыру жұмыстары жүріп жатқаны нақтырақ айтсақ, осы ауылдың Тауасар көшесі мен Есіл ауылының Бірәлі Нұртазин көшесін жарықтандыруға облыстық бюджеттен 46 миллион теңге бөлінгені айтылды. Бұл тұрғыда конкурстық процедуралар жүргізіліп, талдықорғандық мердігермен келісім-шарт жасалған, ол жұмыс 1 қазанға дейін аяқталуы тиіс.

Жұмыс сапары қорытындылаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев:

– Биылғы жылдың төрт айында еліміздегі жағдай түбегейлі өзгерді. Мемлекет өз азаматтарының мұң-мұқтажын, тілектерін түсінеді. Әрбір шағым қараусыз қалмайды, жергілікті тұрғындардың өз құқықтарын білуі маңызды, –  деп түйіндеді өз сөзін.

Бұдан әрі облыс әкімінің жұмыс сапары Есіл және Жарқайың аудандарында жалғасты. Бұл туралы толық ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Вероника БУРДА,

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Сандықтау – Атбасар – Жақсы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар