Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Музей түні»: тарихқа бойлау, өткенге оралу тағылымы - АРҚА АЖАРЫ

«Музей түні»: тарихқа бойлау, өткенге оралу тағылымы

18 мамыр – халықаралық музейлер күні елімізде кеңінен аталып өткендігі белгілі. Әсіресе, көптің көңілінен шыққан іс-шараның бірі – «Музей түні». Аталмыш акция алғаш рет 1997 жылы Берлинде өткізілген екен. Біздің Ақмола облысында да бұл іс-шара  он жылдан бері өткізіліп  тұрады.

Биыл да оған қала халқы зор қызығушылық  танытты. Таңнан түнге дейін музейге келушілерге түрлі танымдық бағдарламалар мен сайыстар, көрме мен экскурсиялар, театрландырылған көріністер ұйымдастырылды. Мерекелік шаралардың барлығы рухани тағылымға негізделген. Музей  түні – тарихқа бойлау, өткенге  саяхат жасауға зор мүмкіндік бергені анық. Көкшетау қаласының тарихы мұражайында болғандар көне тарихпен қауышып, өткен ғасырда іргетасын қалаған қаламыздың келбетін көзбен көргендей әсерге бөленді.  Мұражайға келушілерге Көкшетау қаласының барлық даму кезеңдері сипатталған көне фотосуреттер мен балалар ойыншықтарының көрмесі, қолөнерші Зоя Акаеваның авторлық қуыршақтар көрмесі ұйымдастырылып, жұртшылық қызығушылығын арттырды. Осы жерде асық ойнаймын деушілерге өз ісінің білгір мамандары шеберлік сыныбын өткізсе, сиямен және қаламұшпен хат жазамын дегендерге де жағдай жасалды. Балалар викториналарға қатысып, енді бірі асық ойнап мәре-сәре болысты. Белсенділік танытқандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ал, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында келушілер үшін ауқымды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Музей алаңында ашық аспан аясында өңіріміздің сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі назарға ұсынылды. Сонымен қатар, әуелеген ән мен шұғылалы би де шалқып, арқан тарту мен гір көтеру сияқты спорттық ойындар өткізілді.    Жүз жылдық тарихы бар музейден алар тағылым көп. Сонау ежелгі қорымдардың тарихынан күні бүгінге дейінгі адамзат дамуының, еліміздің өркендеуінің кезең-кезеңі көз  алдыңыздан өтеді. Тұғырымыздың биік, ұлтымыздың ұлық, тамырлы тарихымыздың ізі терең екендігін айқындай түсетін жауһар жәдігерлер, айшықты ақпараттар, құндылық тұнған танымды көрмелер, бәрі-бәрі бір сәтке болсын, өткенге ораламын, тарихқа көз жүгіртіп, бойлай түсемін деген жандарға зор рухани қуат сыйлады.

Мәлік Ғабдуллин музейінде де келушілер назарына Кеңес Одағының Батыры, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы, ерлік істері туралы тың мағлұматтар ұсынылды.

Әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері келушілерге театрландырылған экскурсиялар дайындаған екен. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисі Шыңғыс Сәрсенбай мен Біржан сал атындағы музыкалық колледж студенттері Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндерін әуелете шырқап, жиналғандардың көңілдерін бір серпілтіп тастады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Жауқазын» жастар театрының жас актерлері жас ақындардың өлеңдерін оқыса, Көкшетау қаласының қолөнер шеберлері Кенжебай Смағұл, Гүлнәр Орынбаева және Бахыткүл Зейнел шеберлік сыныптарын өткізіп, жиналғандардың ыстық ілтипатына бөленді.

Тағы бір атап өтерлігі, дүниежүзілік акция аясында биыл алғашқы рет ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» мұражайына автобуспен экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.

  Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар