Аудиториясы кең, тыңдарманы саны көп – Q-Pop жанры. Елімізде 2015 жылдан бері белең алып, қазақ халқының өнерін дамытып, заманауилыққа бет бұрып жүрген бағыттың өнер атаулының дамуы үшін пайдасы орасан зор.
Адамдарда мейірім мен қайырым азайып тұрған қазіргі уақытта әрқашан даттаушыдан бөлек, қолдау танытып түсіністікпен қараушылар да кездесіп жатады Алайда, Q-pop бағытын теріс көзқараспен қабылдаушылар саны да аз емес. Qazaq pop музыкасы «қазақ мәдениетіне мүлдем жат қылық, қазақ жігітеріне тән емес», — деген сынды пікірлерді жиі кездестірдік. Жаңашылдықты жатсынған қоғам, қазақ болмысына керағар деп тіпті наралық шерулерін де өткізіп жатты. Дегенмен, уақыт өте музыка жанрының тыңдармандары күн санап өсіп, танымалдлыққа ие болды. Q-Pop ұғымыең алғаш «Ninety One» тобы құрылғаннан кейін қолданысқа ене бастады. Жастар арасында қазақ тілін насихаттап, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген топтардың бірі. «Біздің стиль Қазақстан үшін таңсық. Кейбірі оны түсінеді, кейбірі түсінбейді, біздің басты мақсатымыз – Q-pop (Qazaq-pop) деп аталатын субмәдениеттің негізін қалау», – деп жауап берген бір сұхбатында «Ninety One» тобы.
Жаңа толқын мақсаты – қазақ тілі мен мәдениетін, оның көркемдігі мен әсемдігін мүлдем басқа қырынан таныту. Жастардың санасын жаулап алушы – музыка. Яғни, музыка арқылы жасөспірімдердің патриоттық сезімін оятып, тілге деген құрметін арттыру. Себебі, поп музыканың стилі қазақ мәдениетіне сәйкес келмегенімен, тілі – қазақ. Заман жаңарған сайын мәдениет пен өркениет өзгеріп отырады. Сол себепті жаңа бағыттың, еліміздің мәдениетіне еш жамандығы жоқ, тек жаңаруына пайдасы мол. Тек, өскелең ұрпақ халқымыздың ғасырдан бері ұстанып келе жатқан, мұра ретінде бізге жеткен салт-дәстүрлерін ұмытпаса деймін. Еліктейміз деп, қыздары нәзік, биязы мінезінен, жігіттері батырлығы мен ер мінезді қасиеттерінен айырылмаса болғаны.
Q-pop – тек музыкалық жанр емес, ол өзіндік имиджі бар, өзге жанрлардан стилі мен бағыты жағынан дараланатын өнер түрі. Өнерді шын құрметтейтін адам ғана, оның құдіретін түсініп, сыйластық танытады. Өнер деп тек дәстүрлі ән-күй мен дәстүрлі биді айтуқате пікір. Өнер – ұшы қиыры жоқ, әлемі өзгеше құбылыс. Не нәрсені өзгерткің келсе, өзіңнен баста. Өзіңді өзгертпей, өзгені өзгерту мүмкін емес. Қоғамның өзгеріп, жаңа бағытта алға жылжығанын қаласаң, сол өзгерісті өзің жасап көр. Ойыңды өзгерт. Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтқан жаңғырудың бір түрі – осы Q-POP – адамның рухани ішкі жан дүниесі.
Жұлдыз Ағыбайқызы
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
2-курс студенті.