Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры, ТМД Консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры, ТМД Консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті

Бүгін, әкімдікте өңір басшысының Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры, ТМД Консультативтік кеңесінің төрағасы Ахмадзода Атомен кездесуі өтті – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және экономиканың басқа да салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ақмола өңірінде айтарлықтай әлеуеттің бар екенін атап өтті.

«Ақмола облысы еліміздегі негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі болып табылады, қысқаша айтар болсам, 15 млн.га жердің 5 млн.га жыртынды жерлер және шамамен 4 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатады. Жыл сайын 4 млн.тоннадан 7 млн.тоннаға дейін астық жинаймыз. Түрлі салаларда өзара тиімді ынтымақтастық үшін барлық мүмкіншіліктер бар, оларды біз егжей-тегжейлі талқылауға және дамытуға дайынбыз», — деп атап өтті Е. Маржықпаев.

Оның айтуы бойынша өңір ақмолалықтар үшін көкніс пен жеміс-жидек жеткізу үшін бірлескен жобаларды бастауға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өнімін экспорттауға дайын.
«Бүгін, ел көлемінде құс етінің әрбір үшінші килограмы, өңделген сүттің әрбір 6 литрі, әр 6-шы жұмыртқа, ұн мен сары майдың басым бөлігі біздің облысымызда өндіріледі. Жақсы және Жарқайың аудандарында жарма өндірісі бойынша зауыттар аштық», — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Ахмадзода Ато, тәжік тарапының барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа қызығушылығын атап өтті.
«Мен өзім Қазақстанға 2002 жылдан бері келіп жүрмін. Біз үшін бұл кездесу өте маңызды. Сауда қатынастарын орнату және нығайту мақсатында, «Тәжікстан – Қазақстан» бірлескен сауда үйін ашуды ұсынамын», — ТМД консультативтік кеңесінің төрағасы.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп және туризм салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін де талқылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар