«Мама, балмұздақ әперші!..»

Жазғы маусым басталды. Күн сайын облыс орталығы Көкшетау қаласының көшелерінде балмұздақ сататын ұсақ нүктелер саны артып келеді. Қазір қаланың тек орталығында ғана балмұздақ сататын кемінде 30 сауда орны жұмыс істейді. Ал, жазғы маусымның орта тұсында олардың саны жүзге дейін барып қалады.

Қалада ұсақ сауда орындарының көптігіне қарамастан, әр нүктеде сатып алушылар саны да аз емес. Демек, жылдар бойы өнімнің жоғары сапасы өзгермеген Көкшетау сүт зауыты балмұздақ тұтынушылардың сенімін ақтап келеді. Мұхтар Әуезов көшесінің бойында орналасқан сауда орнының сатушысы ДанаАқылбек:

–Шуақты, ыстық күндері балмұздақтың әр түрінен бір-бір брикет толығымен бітеді. Әсіресе, қарапайым тіл үйірген кілегейлі балмұздақты жиі сатып алады. Жалпы, бізде балмұздақтың 7 түрі сатылады. Олар шоколад, құлпынай, пісте, қауын, сағыз, қарақат және кілегей. Балмұздақтарға тапсырысты тікелей «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне береміз. Көкшетау балмұздағы – қала тұрғындарының мақтанышы. Оны кішкентай баладан бастап, үлкен кісіге дейін жақсы көреді. Тіпті, ата-әжелеріміз келіп, өз баталарын беріп кеткен кездер де болады, – деді.

Иә, көкшетаулық өнімді басқа қала тұрғындары да жоғары бағалайды. Қазақстанның барлық аумақтарына тарайтын көкшелік сапалы балмұздақтар бүгінде, жаздың күндері облыс орталығы, Степногорск, Қосшы қалалары мен аудандарда да көптеп сатылып, осы өңірдің брендіне айналып отыр. Дәмі тіл үйіретін бұл өнімге сұраныс алдағы уақытта да арта береді деп ойлаймыз.

ҒазизаҰЛЫҚМАН,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2 курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар