Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сәт сапар, жас құтқарушылар! - АРҚА АЖАРЫ

Сәт сапар, жас құтқарушылар!

Тәуелсіздік алаңында өткен салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын бітірген 148 түлекке дипломдар мен офицер шені тапсырылды. Қуанышты рәсімге Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Юрий Ильин, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері Мұхамбет Көпеев және Владимир Божко қатысты.

Қазақстан Республикасының Әнұранының шырқалуымен басталған салтанатта алдымен сөз алғанакадемия басшысы Сырым Шәріпханов «Бүгінгітүлектердің оқу бітіруі Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығы жәнеөз оқу орнымыздың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Біз оқу отрядынан академияға дейінгі ұзақ жолдан өттік» деді.

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Юрий Ильин:

–Жас лейтенанттарды академияны сәтті аяқтауларымен, бірінші офицерлік шеннің берілуімен құттықтаймын және Отан қорғаушы атағына лайық болуларыңызға тілектеспін. Төрт жыл бұрын балаларына дұрыс таңдау жасауға көмектескен университет түлектерінің ата-аналарына алғыс айтамын. Алда қиын, жауапты қызмет күтіп тұр, – дей келе, ұстаздарының берген білімінің сапасы төтенше жағдайларды жою және адам өмірін құтқару кезінде көрінетінін нықтай түсті.

– Осыдан бір жыл бұрын Көкшетау техникалық институтына даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілді. Бұл – біз үшін үлкен құрмет және ерекше мақтаныш. Біз үшін елімізде теңдесі жоқ оқу орнының облысымыздың орталығында орналасқаны өте маңызды. Ақмолалық батырлар ерліктерімен, жаужүрек жеңістерімен танымал, академия түлектері сол ержүрек бабаларымыздың дәстүрін жалғастыратынына сенімдімін. Ал, қажет болса, ең озық патриоттық қасиеттерді, нағыз отаншылдықты танытып, алдыңғы қатардан да көрінетін болады, – деді өңір басшысы Ермек Маржықпаев түлектерді құттықтау сәтінде. Сондай-ақ, университеттің мерейтойына тарту ретінде  заманауи 10 компьютерлік техниканы сыйға тартты. Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бюджеттен 800 миллион теңгеден астам қаражат пен құны 120 миллион теңгеден асатын төрт жаңа өрт сөндіру машинасы, апаттық-құтқару техникасы бөлінді.

Академия тарихында алғаш рет ішкі қызмет полковнигі Н.А.Ақпарованың жұбайы азаматтық қорғау лейтенанты Жандос Қайырдосовқа 100 000 теңге атаулы шәкіртақы табыс етті.

Жоғарғы оқу орнының  Жауынгерлік Туымен қоштасу және диплом алу сәті – академия бітіруші түлектердің салтанатты дәстүріне айналған.Биылғы жылы 2022 жылғы түлектер атынан сөз сөйлеу құрметі азаматтық қорғау лейтенанты Ерлік Исмағзановқа берілді, ол төрт жыл бойы оқу барысында курс старшинасының көмекшісі міндетін лайықты атқарып және академия өміріне белсене араласып, курстастарына үлгі бола білген. Дәстүр бойынша жас лейтенанттар офицерлік қоштасу вальсін билеп, соңғы рет салтанатты маршпен жүріп өтті. Ал, ата-аналар болса,  ержетіп, есейген ұлдарын құттықтауға асықты.

Барлық оқубітіруші түлектер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне жұмысқа барады. Бір айта кетерлігі, халықаралық келісімдерге сәйкес,академия жетінші жыл қатарынан Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне де мамандар даярлап жатыр. Биылғы жылы алты лейтенант даярланды.

25 жыл ішінде оқу орны 5 мыңнан астам маман даярлап шығарса, азаматтық қорғау органдарының 5099 қызметкері біліктіліктерін арттырған. Оған қоса, 974 адам қайта даярлау курстарынан өткен. Ал, биылғы жылы академия магистратураға алғашқы білім алушыларды қабылдайды. Академия азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен қатар, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды қорғау саласында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын болашақ ғалымдарды, сондай-ақ, спорттың көптеген түрлері бойынша спортшыларды тәрбиелеп келеді.

Вероника БУРДА,

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

 Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар