Сырлы саздың әсері

Жас ұрпақты немесе жеке тұлғаны музыка арқылы тәрбиелеу сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. «Еңбек елдің – мұраты» жоба аясына Застанциондық қалалық үлгілі кітапханада  адам еңбегінің статусын арттыру мақсатында «Еңбек еткен ер атанар»  атты кездесу өтті.

Іс-шараның қонағы «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру оқытушысы Анар Тұяққызы Махамбетова. Анар Тұяққызы еңбек жолына тоқталып, сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаты халқымыздың музыкалық мәдениетін, мектеп оқушыларын музыкадан ләззат алып, өмір бойына көркемдік эстетиканы жан азығы ететіндей жас ұрпақты тәрбиелеу, – деп айтты.

Балапандарының қанаттарын қақтырып үйретіп келе жатқан оқушылары: А.Құдықбаева, А.Әбділман, А.Кенжебай, А.Қанғожа, Ф.Сибанова, М.Бөтембаев өз өнерлерін ортаға салып бірнеше музықалық күйлерін оқырмандарға орындады. Анар Тұяққызының шәкірттері үлкен азамат болып елге қызмет көрсетуде. Соның бірі Ақтау қаласында әскери оркестрінде бас дирижер Самат Баяубаев, Көкшетау қаласының музыканты Жеңіс Мұхамедтяров, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқушысы Анель Нұғыманова, Әмина Сәриева т.б.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Музыкалық білім беру – тұлғаға біртұтас жан-жақты әсер ететін; факторларының бірі. Адамның жаңа құндылық бағдарын және дүниетанымдық принциптерін қалыптастыруда көркем шығармашылық маңызды рөл атқарады.

Музыкалық тәрбие – тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру үрдісі. Музыкалық тәрбие – жастардың музыкалық талғамын қалыптастырудың мақсатқа бағытталған жүйесі ретінде дамыту, музыкаға эмоционалдық сезімін, оның мазмұнын түсіну және терең толғану қабілетіне тәрбиелеу, халықтық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Осының бәрін айтқанда үлкен еңбек. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі өскен ортаға тәрбиеге ғана емес, үлгі-өнеге берер ұстазға.

Қарлығайын Накешева,

Застанциондық қалалық үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар