Бітік  өнімнің берік негізі қаланды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңына келген Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Еркеш Әленов биылғы көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы туралы баяндап, баспасөз ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Ағымдағы жыл геосаяси тұрғыдан алғанда әлем бойынша күрделі жыл. Соған байланысты минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер, тұқым түрлері, техика мен оның қосалқы бөлшектері қымбатқа түсті.

Алайда, осындай қиыншылықтарға қарамастан  ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер көктемгі егіс жұмыстарына жан-жақты дайындықпен келіп, тиісті агротехникалық жұмыстарды дер кезінде және сапалы атқарып шықты.

Көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысына көз салсақ, облыс  5,1 миллион гектар жерге дән сіңірді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 57,2 мың гектарға артық. Осылайша, егістік көлемі ұлғая түсті. Дәстүрлі дәндерге қоса, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер рапс, күнбағыс сияқты қоспалы дәнді дақылдар өсіруге ден қойды.

Ағымдағы жылы жоғарыда айтылған өсімдіктер дәндерін алу үшін оны егушілер 198,8 миллион теңге субсидия алды. Ал, дәнді дақылдар тұқымын алушыларға 16,9 миллион теңге субсидия бөлінген болатын.

Соңғы уақытта біз мал шаруашылыған дамыту туралы көп айтамыз. Бірақ, мал азығы дұрыс жоспарланып, қолға алынбай, мал өсіру мүмкін емес.  Осыны ескере отырып, биыл 185 мың гектар жерге жүгері егілді. Бұл өткен жылғыдан 9,1 мың гектарға артық. 17,4 мың гектар жерге картоп, 2,7 мың гектар жерге көкөніс егілуінің де игі ықпалы тимек. Негізінен, картоп пен көкөніс  өсіруді дамытудың  рөлі  зор екені даусыз. Өйткені , азық-түліктің бұл түрлері әлеуметтік маңызды болып саналатыны  белгілі.

Егіннен бітік өнім алуға әсер ететін бір жағдай сапалы тұқым. Сол себепті барлық жерлерде тұқым тазалау мен тексеру жұмыстары жүргізілді.

Соның арқасында егін егу басталарда қажетті тұқым 100 пайыз дайын тұрды.Оның ішінде 530 мың тонна дәннің 479,7 мың тоннасы немесе 90,6 пайызы 1-2 классты тұқым болды. Айта кетсек, осындай көрсеткіш өткен жылы 474,3 мың тонна немесе 89,5 пайызды құраған еді. Оның үстіне ағымдағы жылы өңір ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер аттестацияланған тұқым дайындаушылардан 40 мың тонна жоғары өнімді тұқым алды. Осы жағдай уақыты жетпеген тұқымдарды ауыстыруға, біразын көрші облыстарға сатуға мүмкіндік әперді.

Көктемгі егіс жұмыстарын дер кезінде аяутауға әсер ететін тағы бір фактор жанар-жағар май екені белгілі. Биыл облыс 76 мың тонна дизельдік отын, 7,8 мың тонна бензин, 4,8 мың тонна дизельдік май даярлаған болатын. Сондай-ақ, ҚР Үкіметі маңызды науқанға 72 мың тонна кепілденген дизельдік отын бөлді.

Ауыл шаруашылығын жаңа заман талабына сай ауыл шаруашылығы техникаларымын қамтамасыз да өте маңызды мәселе. Сондықтан, 127 ауылшаруашылығы техникалары, оның ішінде 174 трактор, 71 комбайн, 65 дән себу кешендері, тағы басқа 417 әртүрлі техникалар алынды. Мұның бәрі әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқасында жүзеге асты. Мүмкіндігі мол және қолайлы техникалар дихандардың жұмысын жеңілдетіп, сапасын артуға сеп болды.

Шаруаларды минералдық дақылдар алу мәселесіне де баса назар аударылып, толық қамтамасыз етілді.

–Мінеки, осындай жүргізілген жан-жақты жұмыстар, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ерен еңбегі күзде өнікті өнімге қол жеткізеді деген сенімдеміз,–деп түйді сөзін Еркеш Әленов.

                                           Серік Сапарұлы,

                                           «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар