Сіз газет оқисыз ба?

«Сіз газет оқисыз ба? Оқымасаңыз ақпараттармен қалай танысасыз?» деген сұрақпен қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізген болатынбыз. Қазіргі төрткүл дүниені әлеуметтік желілер мен ғаламтор жайлаған заманда халық арасында газет оқудың деңгейі қаншалықты екендігі толғандырады.

Сауалнамамыздың алғашқы кейіпкері қала тұрғыны 57 жасар азамат Омар Бекнұр ағамыз болды.

–Аға, сіз газет оқисыз ба?

–Біздің жастық шағымызда қазіргідей ғаламтор болған жоқ, ақпаратпен танысатын жалғыз мүмкіндік газет болды. Сол себепті  де үзбей оқитынбыз.

–Ал, қазір ақпараттарды қайдан оқисыз?

–Қазіргі кезде газет оқуға қолымыз тие бермейді. Ал, егер бос уақыт болса басылымның электронды нұсқасын шолып шығамын.

Келесі сауал қойған адамымыз 20 жастағы, Көкшетауға қонаққа келген Заманбек Ермеков болды.

–Сіз газет оқисыз ба?

–Жоқ, мен газет оқымаймын.

–Сонда қоғамда болып жатқан жаңалықтармен қалай танысасыз?

–Мен көбіне әлеуметтік желілерде отырамын. Сол желілер арқылы еліміздегі және шет елдердегі жаңалықтарды оқып хабардар боламын. Егер оқыған жаңалығыма сенімсіздік туындай қалса, мен басқа ақпараттық сайттардан іздеп, анық-қанығына жетуге тырысамын.

Мұнан соң облыс орталығының тұрғыны 37 жастағы Асылбек Мәжитовке жоғарыдағыдай сауалдарымызды қойдық.

–Сіз газет оқисыз ба?

–Оқымаймын. Уақытым жоқ. Қазір сананы тұрмыс билеген заманда уақыт өте тапшы. Уақыттың құлы болдық қой.  Бірақ газет оқығанға не жетсін. Газетте күнделікті ақпараттан бөлек қызықты әңгімелер мен танымдық материалдар да жазылады емес пе?!

–Түсінікті… Ал, күнделікті ақпараттармен қалай танысасыз?

–Әлеуметтік желілер арқылы. Көбіне сонда отырамын. Сол жерден естіп-білемін. Қолым тиіп жатса, кітапханаларға барып, газет оқығанды да жөн санаймын.

Сауалнамамыздың ең соңғы жауап берушісі, 48 жасар қала тұрғыны Әлихан Жарғұлбаев болды.

Сіз газет оқисыз ба?

–Иә. Газет оқу белгілі түрде өмірлік дағдыма айналып кеткен.

– Демек, ақпараттармен газет арқылы танысасыз ғой?

–Әлбетте, көбіне газеттен оқимын. Бірақ, кей кезде әлеуметтік желілерден оқимын.

Қазір ақпарат айдынында бәсекелестіктің бағы жанып тұр. Осы орайда бізде сол аламан бәйгеде қалыс қалмас үшін газеттен бөлек басылымның ресми сайтын қоса ашып, әлеуметтік желілерде парақшамызды жүргізіп отырмыз.

        Абылайхан ӘШІМХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар