Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының астанасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке өте зор қоғамдық-саяси маңызға ие және әрбір қазақстандық үшін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке болып саналады.

Нұр-Сұлтан қаласы – тәуелсіз мемлекетіміздің қол жеткен жетістіктері мен өркендеуінің символына айналып отыр. Өткен мен болашақтың үйлесімін біріктіретін бұл қала кез-келген жанды жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

Бүгінгі Елорда – серпінді дамып келе жатқан жаңа мемлекеттің жарқын бейнесі, Қазақстанның жаңаруы мен тәуелсіздігінің символы. Нұр-Сұлтан қаласы – еліміздің жоғары әлеуметтік стандарттарының, ілгерілеу мен экономикалық өрлеудің көрінісі болып табылуда.

Өткен жиырма төрт жылдың ішінде еліміздің бас қаласы – Елорда қазіргі заманның ең озық технологиясымен, ерекше ғимараттарымен әлемге танылды.

Елордада  ірі саяси, мәдени, спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде өтеді. ТМД Саммиттері, Шанхай ынтымақтастығы қауымдастығы, Еуразия экономикалық одағы,  Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымы,   ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі, Азия ойындары, Астанадағы  бейбітшілік келісімдері – осы және басқа да көптеген шаралар  Қазақстанның бас қаласымен тығыз байланысты.

Астана күнін мерекелеу бүкіл ел үшін жақсы дәстүрге айналды. Біздің әрқайсымыз одан әрі жасампаздық дамуға және жоспарларды іске асыруға  дайынбыз.

Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтай отыра,  Отанымыз Қазақстанды өркендету жолында береке мен бейбітшілік, жетістіктер мен табыстар тілеймін!

***

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының астанасы күнімен құттықтаймын! Бұл мереке біз үшін шын мәнінде жалпыұлттық мерекеге айналды. Қысқа уақыт ішінде біздің астанамыз даму мен қалыптасудың үлкен жолынан өтті, оның халықаралық аренадағы беделі өсті. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы – Республикамыздың жаңа әкімшілік қана емес, іскерлік, мәдени, ғылым орталығы.

Болашаққа ұмтылған қала – басты құндылықтары бейбітшілік пен достық, өзара құрмет пен бірлік болып табылатын, жарқын, гүлденген, барша қазақстандықтарды біріктіретін бесігі деп аталып кеткен.

Мен барлық қазақстандықтармен қатар астананы салуға, абаттандыруға қатысқан, еліміздің бас қаласының азық-түлік белдеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оның дамуына үлес қосып келе жатқан Ақмола облысының барлық тұрғындарын құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, ашық аспан, ал елордамызға өсіп-өркендеуін тілеймін!

 Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар