Шағын ауыл үшін жақсы қолдау
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов жұмыс сапарымен Шортанды ауданында болып, аудандық мәслихаттың хатшысы Гүлнұр Сәдуақасова мен облыстық мәслихаттың депутаты Ирина Жуковамен бірге бірқатар әлеуметтік және коммерциялық нысандардың жұмысымен танысты.
Бектау ауылындағы инвестициялық жоба туралы «Кирп Газ» ЖШС директоры Жомарт Рабиев айтып берді. Салынып жатқан кәсіпорынның қуаты – ауысымына шамамен 64 мың кірпіш. 2020 жылы жалпы сомасы 48 миллион теңгеге жабдықтар сатып алынды, бүгінгі күні жобаның дайындығы 70 пайызға жетті, өндірісті іске қосу ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жоспарланып отыр.
Компанияға шамамен 35 қызметкер қажет болады. ЖШС басшысының айтуынша, олар жергілікті тұрғындар арасынан жұмысшылар жинамақ. Шағын ауыл үшін бұл жақсы қолдау болатыны сөзсіз.
Талғат Жүнісов өз тарапынан қазірден бастап қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакетті ойластырып, штатты кеңейту жолдарын іздеуді ұсынды. Ол үшін болашақта мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануға болатынын еске салды.
Қалдықсыз өндіріс
Шортанды кентінде облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов әріптестерімен бірге бірқатар нысандарды аралады.
«Полимер Пласт» ЖШС полиэтилен үлдірін, логотиптері бар пакеттерді, қаптама материалдарын шығарумен айналысады.
Кәсіпорын директоры Қайрат Қасенғалиев айтып өткендей, жобаны жүзеге асыру 2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында басталды. Қуаттылығы – жылына 1200 тоннаға дейін, бүгінде мұнда 35 адам еңбек етеді. Шикізат Ресей мен Кореядан сатып алынады, өндіріс қалдықсыз, өйткені, бүлінгендері және пайдаланылған өнімдер өңделеді және қоқыс пакеттерін жасау үшін қолданылады.
Шортанды аудандық орталық ауруханасы 1976 жылы салынған, емхана бір ауысымда 300 келушіге, ал, стационар – 52 төсекке есептелген. 2019 жылы балалар бөлімшесі жөнделді, 2021 жылы Степное және Научный кенттеріне қызмет көрсететін бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілді. Қазір аурухананың ғимараты, оның ішінде шаруашылық блок жөндеуді қажет етеді. Медициналық мекеме бас дәрігерінің міндетін атқарушы Райхан Иманбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптаманың жобалау-сметалық құжаттамасы бар.
Медицина қызметкерлері облыстық мәслихат хатшысы мен депутаттарынан қаражат бөлу процесін жеделдетуді және көмек көрсетуді сұрады.
Су қазір қажет
Жұмыс сапары аясында мәслихат хатшысы Талғат Жүнісов Ш.Рахымжанов атындағы орталық саябаққа және Шортанды кентіндегі 2021 жылы жөндеуден өткен стадионға барды. Қайта құруға облыстық бюджеттен 103 487 924 теңге жұмсалды, жұмыстарды «Байсын-А» ЖШС орындады.
Кентте Киевская көшесіндегі жазғы су құбырын күрделі жөндеу басталды. Жобаның тұсаукесерін кент әкімі Мамбет Цэрэг және «Медина-Құрылыс» ЖШС басшысы Динара Қуатбаева өткізді. Жұмыс құны 23 миллион 296 мың теңге, тапсыру мерзімі – тамыз, нысанда 16 адам жұмыс істеуде. Өз тарапынан Талғат Тұрлыбекұлы жұмысты қарқындатуды сұрады, өйткені, қазір ауыл тұрғындарына көкөніс бақшаларын суару үшін су қажет. Мердігер орнатуды шілде айында аяқтауға тырысамын деп уәде берді.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.