Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жанашырлық көмек көп болмақ - АРҚА АЖАРЫ

Жанашырлық көмек көп болмақ

Ақмола облысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы республикалық кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Назипа Шанай жұмыс сапарымен келді.

Мәртебелі мейман қоғамдық келісімде Ақмола облыстық аналар кеңесінің белсенділерімен дөңгелек үстел басында жүздесіп, бүгінгі таңдағы айрықша маңызды әрі өткір мәселелерді талқылады. Сонымен бірге, азаматтық белсенділік, патриотизмді дамыту барысындағы атқарылып жатқан ұшан теңіз жұмысты үйлестіру жайы да сөз болды.

–Бүгінгі күні «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында қыруар жұмыс атқарылуда. Біздің басты мақсатымыз осы іске мейлінше мән беру. 2019 жылдан бері жекелеген қалалар мен аудандарда 35 орталық белсенді жұмыс істейді,–деді Назипа Ыдырысқызы,– орталықтардың жұмысы жалғызбасты аналарға, көп балалы отбасыларына, сондай-ақ, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға жан-жақты көмек көрсету.

Барлық бала бақытты болу үшін жаратылған. Тіршіліктің түйткілі таусылған ба? Жоғарыда аталған отбасылардың қайсыбірі қамқорлыққа зәру. Сондықтан біз әртүрлі отбасылардан көмек қолдауымызды аямауымыз керек. Бұл орталықтар үш жылдың ішінде өздеріне қойылған міндетті толайым атқарып келеді деп айтуға әбден болады. Осы уақыт ішінде психологиялық заңдық тұрғыда көмек көрсетілді.

Мұндай көмек шынымен қажет еді. Өйткені, кейбір ата-аналар өздеріне қандай жеңілдіктер берілетіндігін нақты біле бермейді. Балаларды қалай есепке қою керек, қалай емдету керек, тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады. Міне, осындай мәселелердің барлығы бір орталықта шешіледі. Оған қоса әлеуметтік көмек көрсету де қолға алынған. Мәселен, ана үйінде отырып-ақ табыс табуға болады емес пе. Ол үшін әрине, өзінің қолынан келетін кәсіпті игергені жөн.

Сөз барысында мәртебелі мейман біздің облыста атқарылып жатқан жұмысты да тілге тиек етті. Орталықтардың жұмысын жетілдіру туралы ұсыныс жасады.

–Аймақтардағы кеңестер 2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында менің бастамам бойынша құрылған болатын. Кейін жалпы халықтық сипатқа ие болды,–деп атап өтті ол.

Қазір біздің өңірде 104 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Бұл кеңестердің жұмысы туралы ұйым төрайымы Найля Сейдалина айтып берді.

–Алғашқы кезеңде қыздар клубынан бастау алған жұмыс кейін кең ауқымда дамыды,–деп әңгімелеп берді ол. Осындай ұжымдарды облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждерде құру жоспарланған болатын. Этно-мәдени бірлестіктерде де осы тектес ұжымдар қалыптасты. Бір жақсысы жұмысы әрдайым қайнап жататын мұндай бірлестіктерде қыздар қол өнермен шұғылданып ұлттық ас мәзірін дайындауда. Бірте-бірте әрбір халықтың өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын меңгереді.

Көкшетау қаласында әйелдер кеңесі өткен жылдың қазан айында құрылған болатын. Оның құрамына бизнеспен айналысатын әйелдер, қоғам қайраткерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері енгізілді. Әртүрлі тақырыпты қамтитын дөңгелек үстелдер мен жастардың пікір алмасу сәттері өткізіледі.

–Қоғамда әлі де, түйткілді дүниенің кездесіп қалатыны жасырын емес, бауыр еті балаларын тағдыр тәлкегіне салуды азайту бағытында жұмыс атқарылуда,–дейді «Аналар үйінің» үйлестірушісі Құралай Жұмабекова.

Оның сөзіне қарағанда соңғы жылдары «Аналар үйі»0 223 әйел мен 257 балаға көмек көрсеткен. 154 баланы мейірімді отбасылар қабылдаған. Қазір Щучинск қаласындағы сәбилер үйінде «Балажан» жобасы қолға алынуда.

Бұл күні мәртебелі меймандар «Ақ босаға» отбасы орталығында болып, «Неке сарайына» соғып, онда атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

Вероника БУРДА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар