Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді қасиетті – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ислам – бұл толеранттық пен келісім, үйлесімдік пен жасампаздық діні. Біздің елде Құрбан айт мерекесі мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды біріктіреді.

Қазақстан діни дәстүрлері мен мәдени және тарихи бірегей рухани бай мұраларымен мақтанады.

Оларды дамыта отырып, біз қоғамдағы рухани және мәдени алуан түрліліктің одан әрі сақталуына, мемлекетіміздегі азаматтарымыздың арасында сенімділік және өзара түсіністігін бекітуге ықпал етуіміз қажет.

Бұл ежелгі мереке әділеттілік және мейірімділік, жақсылықтың ізгілік мұраты мен барлық дүниежүзілік діндер үшін жалпы құрметтеу қарым-қатынасына баулиды.

Құрбан айт – бұл  баршамыз үшін, жақындарымызға, айналамыздағылар үшін жанымыздың жылуын сыйлауға тамаша мүмкіндік.

Бұл жарқын мереке күні, сіздерге шын жүректен зор денсаулық, сәттілік, әр үйге бақыт және бейбітшілік, қоғамдағы тұрақтылық және тыныштық тілеймін! Біздің барлық игі тілектеріміз орындалсын! Елімізге гүлдену және ырыс пен береке әкелсін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді бүкіл әлем мұсылмандарының басты мерекесі – Құрбан айттың басталуымен құттықтаймын, ол мейірімділік, мейірбандық танытуға, әділ болуға, бір-бірін құрметтеуге шақырады. Осы жалпыадамзаттық құндылықтар елімізде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барлық діни конфессиялардың өкілдеріне жақын және түсінікті.

Қасиетті Құрбан айт сіздердің жүректеріңізді қуаныш пен тыныштыққа толтырып, рухани тазалықты сақтауға, күш-қуат қосып, жақсы бастамаларыңызға сәттілік әкелсін! Осы күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барлық мұқтаж жандарға көрсетілген көмек жүректерді жақсылық пен ризашылыққа толтыратын жоғары сезімдерді оятады. Осы жарқын мерекеде баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, әр үйде татулық пен бақыт, береке-бірлік пен өркендеу, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін!

 Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар