Мәжіліс депутатының аудандарға сапары жалғасуда

 «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқарбек Съезбекұлы Үйсімбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары ағымдағы жылдың 4 шілдесінде бастау алды. Осы уақыт аралығында халық қалаулысы облыстың 6 ауданының 13 елді мекенінде болып, халықпен кездесулер өткізді. Өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың жұмысымен танысып, әлеуметтік маңызы зор мекемелердің еңбек ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының жергілікті жерлерде іске асырылу сапасын талдауға ерекше назар аударды.

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқарбек Үйсімбаев Ақмола облысындағы жұмыс сапары Сандықтау ауданында жалғасын атуып отыр. Бүгін халық қалаулысы аудан орталығы Балкашино ауылындағы партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы аясында қайта жөндеуден өтіп жатқан «Урожай» стадионының құрылыс барысымен танысты. Іргетасы 1982 жылы қаланған бұл стадион аудандағы ең ірі спорт нысандарының бірі болып табылады. 40 жылдан бері бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Енді міне, аудандағы ойын спорты мен жеңіл атлетиканы дамытуға арналған стадион партияның Жол картасы аясында екінші тынысын ашпақ. «Бұл нысан көп жылдардан бері қаңырап бос тұрған еді, себебі, апатты жағдайда болды. Енді міне, жаңадан көрермендер отыратын орындар мен футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын салып жатырмыз. Су құбырын өткіздік. Барлығы талапқа сай салынып жатыр. Тек футбол алаңының өзі 6200 шаршы метр. Қазір стадионды көгалдандыру мен тас төсеніштер салу жұмыстары жүргізілуде. Шамамен, 2-3 аптада барлық жұмыстарды аяқтап, нысанды тапсырамыз деп отырмыз»,-дейді мердігер  Қанат Қонқашев.

 Құрылыс жұмыстарын аралап көрген Мәжіліс депутаты бірқатар мәселелерге назар аударды. – Мердігерлер стадионды уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте спорт нысанының құрылысы жоғарғы деңгейде болса дейміз. Сонымен бірге сапалы орындалуын, барлық стандарттарға  сай болуын бақылау қажет,  – деді Мәжіліс депутаты Асқарбек Үйсімбаев. Стадион партияның Жол картасы аясында салынып жатқан аудандағы ең ірі спорт нысаны саналады. Мұнда футбол, волейбол және баскетболға арналған 3 спорт алаңы, сонымен қатар жеңіл атлетшілерге арналған жүгіру мен секіруге арналған алаңдар мен күрес залы бар. Екінші қабатында жуынатын, шешінетін арнайы бөлмелер дайындалуда. Сандықтау ауданы чемпиондардан кенде емес. Кір көтеруден Әлем және Азия чемпионы Андрей Дулин стадионның жастардың спортпен айналысып, биік белестерді бағындыруға мүмкіндік береді дейді. «Менің кір көтеру спортымен кәсіби түрде айналысып жүргеніме 8 жыл болды. Осы уақыт аралығында үлкен белестерді бағындыра алдым. Енді міне, ойын спортының дамуына жағдай жасалып жатқаны қуантып отыр. Әсіресе, футболшылар қуаныштарын жасыра алмай жүр. Өзім де келіп, осы стадионда жүгіремін, шынығамын деп жоспарлап жүрмін»,-деп бөлісті спортшы. Спорт жаттықтырушылары да осы стадионның ашылуын асыға күтіп жүр. Олардың бірі Сергей Прохоров: «оқушы кезімде осында футбол ойнайтын едік. Неше жылдан бері бос жатты. Енді міне, қайта қалыпқа келтіріліп жатқанына қуанып жүрміз. Бұл ауданда жаппай спорттың дамуына мүмкіндік береді. Жалпы, сандықтаулықтардың спорттағы жетістіктері көп. Енді одан да көп болады деп сенемін».

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқарбек Үйсімбаевтың осы жолғы сапарының мақсаты негізінен халықпен кері байланыс орнату. Яғни, ауылдықтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді саралау болып отыр. «Біз депутаттар аймақтарды аралауға шықтық. Ауылдықтардың қандай сұрақтары бар, нендей кедергілер кезіктіруде деген сияқты сұрақтарға жауап алудамыз. Іс сапарымжы Аршалы ауданынан бастадым. Сөйтіп, 6 ауданның ауылдарын араладым. Бәріне ортақ мәселе ол таза ауыз сумен қамтылу. Бұл мәселе әсіресе Егіндікөл ауданында өткір тұр. Бұл бағытта мен бірнеше депутаттармен бірігіп депутаттық сауал жазғанмын. Республикалық су комитетімен ақылдасып, проблеманы шешу жолдарын қарастырдық. 3 бірдей ауданның 24 елді мекенін ауыз сумен үздіксіз қамту үшін сметалық құжатына 100 млн ақша бөлінді. Сөйтіп, үлкен жұмыс атқарылмақшы. Біз осы мәселені «AMANAT» партиясымен бірге көтеріп, бақылауға алып отырмыз. Жуырда Парламенттік сағатта осы ауыз су мәселесін көтердік. Жалпы, Ақмола облысы бойынша осы мәселені шешу үшін 14,6 млрд теңге қаражат қажет екен. Оның құжаттарын дайындап, барлығын сараптамадан өткіздік.

Асқарбек Үйсімбаев ақмолалықтар көтерген барлық мәселелер партиялық бақылауға алынатынын, ал республикалық деңгейде шешілуі тиіс мәселелермен өзі айналысатынын айтты.

Айта кетейік, халық қалаулысы осы жолғы сапарында Ақмола облысының 6 ауданындағы 13 елді мекен халқымен кездесулер өткізді, бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты. Тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Оның айтуынша, ақмолалықтарды негізінен ауыз су мәселесі мен жайылымдық және шабындық жер мәселелері толғандырады. «Біз осы мәселелерді заңнамаларды дайындау барысында ескеретін боламыз. Мәселен, бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтар туралы заңнама дайындалмақ. Біз жайылым жерін шешіп алмай, оны қарастыра алмайтынымыз анық. Сондықтан, мәселені тігінен қойып, оны шешудің амалдарын қарастыратын боламыз»,-дейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар