Ақмола областық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовтің Жақсы ауданына жұмыс сапары «Болашақ» шағын ауданында салынып жатқан 27 пәтерлі үйді аралаудан басталды.
Тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арнап салынып жатыр. «Арлан-2004» ЖШС директоры Ж.Қисықовтың хабарлағанындай, үйді ағымдағы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Компания жұмысқа тек мамыр айында ғана кірісті, сондықтан, олар нысанды жоспарланған күнге тапсыру үшін жұмысты тездетуі керек.
Оқушылар үйінің жұмысы туралы мекеме директоры Зәуреш Түспаева айтып берді. Мұнда 586 оқушы көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, туристік-өлкетану, техникалық және спорттық бейіндермен айналысады. Олармен 18 педагог жұмыс істейді. Орталықта тәрбиеленушілер облыстық және республикалық сайыстарда үнемі олжалы орынға ие болуда. Оларға мұнда жақсы жағдай жасалған. Былтыр ғимаратта жөндеу жұмыстары атқарылды.
Жақсы №1 негізгі мектебі 30 жыл бұрын салынған және 350 оқушыға есептелген, бүгінгі күні онда 281 оқушы оқиды, 45 педагог еңбек етеді. Өткен жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді, оған республикалық бюджеттен 379 миллион теңге бөлінді. Мектеп жанында бүлдіршіндерге арналған шағын балабақша ашылған.Ауыл балалары үшін жағдай айтарлықтай жақсарды.
Жақсы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәулет Қосшығұлов облыстық мәслихат хатшысы Талғат Жүнісовты Жақсы ауылындағы ұңғымалық су тоғаны және су тарту құрылысының барысымен таныстырды.
Нысанның жобалық құны шамамен 1 миллиард теңге. Жобада периметрі бойынша тұйық қоршауы бар ұңғымалық су тоғанының үш алаңы, 4 су тарту ұңғымасы, суды тазартуға арналған блок-модуль көзделген. Жобаны іске асыру 2021 жылы басталды және ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда сұ құбыры тартылып, тазарту құрал-жабдықтарын орнату қалды. Мердігер ұйым – «Көкшетаугидрогеология» АҚ өкілдері нысанды мерзімінде тапсыруға уәде береді.
Чапаев ауылындағы «Шұңқыркөл» ЖШС дәнді дақылдарды өндірумен және сатумен айналысады, тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие. Өткен жылы мұнда астықтың орташа өнімділігі гектарына 6,6 центнер болды. Барлығы болатын 14 128 тонна астық жиналды. Шаруашылық 130-ға жуық адамды жұмыспен қамтып, ауыл тұрғындарына елеулі қолдау көрсетіп отыр.
Талғат Тұрлыбекұлы кәсіпорынның жұмыскерлерімен және механизаторларымен кездесті. Ауыл тұрғындары жалпы жұмыс жағдайлары жақсы екенін айтып, компания басшыларына үнемі қолдау жасағаны үшін алғыстарын айтты.
Бір қуантарлық жайт, шаруа қожалығында ұрпақтар сабақтастығы сақталған. Тәжірибелі механизаторлармен қатар, жас мамандар жұмыс атқарып жүр, олар ауылда қалып өмір сүруге дайын екендерін айтты.
–Жалпы жақсылықтар өздерінің жетістіктері туралы айтып қана қоймай, оларды шешуде облыстық мәслихат депутаттарының қолдауына сүйеніп отырған проблемаларымен бөлісті, – деп түйіндеді өз жұмыс сапарын Т.Жүнісов.
ҚАРЛЫҒА МҰҚАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз-хатшысы.