«AMANAT» жастар қанатының VI Съезі мәреге жетті

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезі аяқталды. Жастар форумының соңғы күні партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов төрт күн бойы белсенді жұмыс істегені үшін барлық өңірден келген делегаттарға алғыс айтып, естелік сертификаттар табыстады.

✔Ол бүгінде «Жастар Рухы» Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам жас азаматты біріктіретінін, олардың 90%-ы өңірлердегі белсенділер екенін атап өтті.

🔹«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Съезд делегаттарына арнаған үндеуінде Отанға қажет әрі пайдалы болуға ұмтылу – әрбір жас адамның мақсаты болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл іс-шара ұл-қыздардың бірлігі мен ынтымағын айқындады. «Жастар Рухы» жастар үшін толыққанды әлеуметтік лифт болатынына кәміл сенемін», – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы.

Асхат Ораловтың пікірінше, жас азаматтар қуат-күшімен, Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысуымен Президент бастамасымен қолға алынып жатқан реформаларды тиімді іске асыруға өз үлесін қосады.

✔Өз кезегінде қызылордалық делегат Нұрбол Серікпай Съезде партияның жастар қанатын одан әрі дамыту үшін маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті.

«Біздің ұйымның атауы өзгергені – оның 20 жылдан астам уақыт тарихындағы жаңа кезеңді білдіреді. Бүгінде елімізде терең реформалар жүріп жатыр. Жастар осы өзгерістердің бел ортасында болуы тиіс», – деді ол.

✔Ақмола облысынан келген Зарина Қайыржанның айтуынша, «Jas Talks» алаңында қызықты спикерлер болды.

🔹«Біз өзге өңірлердің жастарымен кездестік. Тәжірибе алмасып, өз идеяларымызбен бөлісіп қана қоймай, басқа қалалардан келген әріптестеріміздің ұсыныстарын талқыладық. Жастар қанатын трансформациялау бағдарламасын ескере отырып, алға қойған міндеттерді іске асыру үшін тың күш-қуат пен ерекше шабыт алдық», – деп атап өтті Зарина Қайыржан.

Нұр-Сұлтаннан келген делегат Ерлан Марат Съезд жұмысының бейресми бөлігін жоғары бағалады.

🔹«Пленарлық отырыстан бөлек, өте мазмұнды бағдарламалар болды. Яғни, ақпараттық тренингтер, семинарлар, қызықты мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Алаудың айналасында отырып, гитарамен ән шырқадық», – деп қосты Ерлан Марат.

@AMANATPartiyasy

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар