Ағымдағы жылдың 11 мен 31 шілдесі аралығында Ақмола облысы орталығындағы әл-Фараби атындағы IT лицейдің оқушылары Оңтүстік Корея университетінде жазғы лингвистикалық лагерь бағдарламасы бойынша халықаралық деңгейдегі ұстаздардан білім алуда.
Бұл жерде балалар ағылшын тілін меңгеруді одан әрі дамыта түсіп, демалыстарын пайдалы өткізіп жатыр.
Аталған лагерде барлық шаралар ағылшын тілінде өтеді. Балалар ІТ технология, робототехника бойынша өзара тәжірибе алмасады, әлем елдерінің географиясы, тарихы мен мәдениеті туралы фактілерді талқылайды, өз жобаларын қорғайды, презентациялар мен театрландырылған көріністер жасайды. Саябақтағы спорт пен белсенді ойындар оқушыларға оң әсерін тигізіп, олар белсенділік танытып, жақсы әсер алуда.