Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Алқап күні» іскерлік жағдайында өтті - АРҚА АЖАРЫ

«Алқап күні» іскерлік жағдайында өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Ақкөл ауданындағы «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жыл сайынғы «Jana Dala/ Green Day 2022» дәстүрлі көрмесіне қатысты.

Бұл іс-шараға өз еліміздің түкпір-түкпірінен, жақын және алыс шетелдерден 150-ден астам компаниялар келіп қатысты. Олардың ішінде Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі және Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрі жанындағы Парламенттік статс-хатшы,  «VDMA» Германияның машина жасаушылар мен жабдық өндірушілер одағы, Чехиядан Чех Республикасының  Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі бар. Басқа облыстар мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері, кәсіпкерлер де осында бас қосты.

Алқап күнінде 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникалары көрсетілді. Іс-шара барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов баяндама жасап, егін егудің іске асырылып жатқан жаңа технологиялары, дән сұрыптары, жаңа техникалар түрлерін тиімді пайдалану жолдары, жинақталған тәжірибелер жайына кеңінен тоқталды. Одан әрі күн тәртібіндегі мәселелерге орай семинарлар, дөңгелек үстел отырыстары мен шеберлік сыныптары өтіп, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды. «Organic Agriculture in Central Asia» халықаралық конференциясы, қазақстандық өнімдер көрмесі, «Қазақстандағы ветеринариялық қауіпсіздікті бақылау» шарасы жеке блок ретінде өтті.

«Өсімдік шаруашылығы», «Мал шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «GreenDay»- органикалық өндіріс. Қазақстандық АӨК жобаларын қаржыландыруға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алуға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі құрылымындағы аса маңызды даму институттары – Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы және «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы атсалыспақ.

Ауыл шаруашылығын жан-жақты дамытуға, зор көмегі бар іс-шараны Ақмола облысы әкімдігіне қоса, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Қазақстан Фермерлерінің Қауымдастығы» РҚБ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» тағы басқа ұйымдар мен бірлестіктер, іргелі компаниялар қолдады.

Сөйтіп, дәстүрлі «Дала күні» жоғары ұйымшылдықпен, іскерлік үстінде өтті. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері бұл күні өз тәжірибелерін толықтырып, жаңа келісім-шарттар жасасып, білім-біліктерін жетілдіре түсті.

                           Серік САПАРҰЛЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар