Мемлекеттік қызмет департаментіне – жаңа басшы

Кеше облыстық әкімдікте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі аппаратының басшысы Әлібек Ахмедияров облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа және өңір активіне осы агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Думан Қайратұлы Әбілевті таныстырды.

Думан Қайратұлы Әбілев 1985 жылы туған. 2007 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім институтын бітірген. 2011 жылы Қазақ тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін «экономика саласындағы құқықтық үйлестіру» мамандығы бойынша аяқтап шыққан.

Еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің кеңесші-инспекторы болып жұмыс істей бастаған. 2014 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде әртүрлі қызметтер атқарды. Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мемлекеттік қызметке іріктеу департаментінің директоры.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар