Халыққа отандық қолжетімді, сапалы тауарлар қажет

Кеше облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрмесін аралап көріп, құттықтау сөз сөйледі және жергілікті өнім өңдірушілермен пікірлесіп, отандық тауар шығару жолындағы белсенділіктеріне ризашылығын білдірді.

«Көкшетау» мәдениет сарайының алдындағы алаңда  ұйымдастырылған көрмеге «Гормолзаводтың» балдай балмұздақтары, құрт-ірімшіктері, жаңадан шығарған түрік айрандары, «Бижанның» ысталған сүр еттері мен шұжықтары, «Capital Projects LTD» тауық еттері мен шұжықтары, «Қазгерқұс» фирмасының жұмыртқалары, «Андрющенко И.В.» жеке шаруашылығының неше түрлі нан өнімдері болып жалғасатын тамақ түрлері, «КамАЗ Инженернигтің» жаңа техникалары, басқа кәсіпорындардың әкелген ауыл шаруашылығы агрегаттары қойылған. Жеке өз қолымен жасаған бұйымдарын, салған суреттерін, тоқыған картиналарын, тіккен көйлек, көрпе-жастықтарына дейін көрмеге қойып, бағын сынаушылар да, тіпті, өздерінің бизнес-жобаларын, жаңа ашылған қонақ үй, демалыс орындарын таныстырушылар да бар. Солардың бірі «Бейбарыс» атты отбасымен қала сыртында дем алуға арналған кешен. Онда дем алушыларға ойын-сауық, демалыс түрлері дайындалған. Ішінде, түрік хамамы мен фин саунасы, бассейн бар. Көрме-байқауды түгел аралап көрген Ермек Маржықпаев мінберге көтеріліп, барша  қатысушыларды бүгінгідей мерекелі күнмен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Құрметті көкшетаулықтар және қала қонақтары! Таралған індет салдарынан екі жыл қатар өтпей қалған көрме-байқау бүгін жалғасын тауып отыр. Бұл жолғы көрмеге 100-ден астам кәсіпкердің қатысуы қуантарлық жағдай. Осындай белсенділіктеріңіз үшін үлкен рахмет және байқауда жеңіске жетіп, республикаға жолдама алуларыңызға тілектеспін, – деді өңір басшысы.

Сонымен, байқау-көрменің қорытындысында  «Үздік азық-түлік тауары» номинациясы бойынша Атбасарлық жеке кәсіпкер «Айекешев С.А.» 1-ші, «Capital Projtects LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2-ші, «Бижан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3-ші орынды иеленді. «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша «БЛЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1-ші, «Қазгерқұс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2-ші, «Оникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3-орынды жеңіп алды.

Ал, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша 1-ші орынға  «Азия фильтр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 2-ші орынға «Сапа су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 3-ші орынға «ЕНКИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көтерілді.

Жүлдегерлерді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Өңірлік кеңес төрағасы Қуаныш Рақышев, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өңірлік филиалының басшысы Ерқанат Мұсылманбек құттықтап, марапаттар табыстады.

Жеңімпаздар алда өтетін республикалық көрме-байқауда бақтарын сынайтын болады.

                 Серік Сапарұлы,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

                    Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар