Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық көтерілген мәселелерді шешуді аяғына дейін жеткізу керек - Премьер - АРҚА АЖАРЫ

Барлық көтерілген мәселелерді шешуді аяғына дейін жеткізу керек — Премьер

Премьер-Министр Әлихан Смайылов 27 мамырдағы Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар өңірді селекцияның заманауи әдістеріне көшіру, мал союды жүзеге асыратын кәсіпорындарға қойылатын санитарлық талаптарды қатайту және ет өңдейтін кәсіпорындарға шикізат жеткізуді ынталандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты талқылады.

Одан бөлек, өңірдің ауыл шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу бойынша бірыңғай цифрлық платформа құру, облысты қажетті көлемде мазутпен қамтамасыз ету және Көкшетау қаласында ЖЭО салу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Көкшетауда кәріз-тазарту ғимараттарын реконструкциялау және су тазарту құрылыстарын салу бойынша жобалар, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды дамыту жобаларын қаржыландыру, нормативтік жай-күйдегі жолдардың үлесін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасы компоненттері өндірісін локализациялау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ кеңеске қатысушылар АӨК үшін білікті кадрларды даярлаудың қосымша шараларын, облыстағы мектептер құрылысын қаржыландыру нұсқаларын, сонымен қатар сауда қызметін реттеу және полимерлік қаптама өндіретін отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін қарастырды.

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр Ақмола облысы және басқа да өңірлерге жұмыс сапарлары кезінде берілген тапсырмалардың орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

«Тапсырмаларда өңірлер мен тұрғындардың нақты мәселелері көрсетілген. Оларды шешу керек. Сондықтан барлық көтерілген мәселелерді шешуді аяғына дейін жеткізу керектігіне тағы да назар аударғым келеді», — деді Әлихан Смайылов.

Фото: primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар