— Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент баспасөз қызмпетінің мәліметіне қарағанда, мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалаған.
Шабандоздар ат үстінде өнер көрсетті және басқа да көріністер қойды. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.