Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмір сапасын арттыруға бағытталған - АРҚА АЖАРЫ

Өмір сапасын арттыруға бағытталған

Осы аптада өткен партияның Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесінің бюросы мен облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының іске асырылуы барысы қаралды.

Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы аясында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар сарапқа салынған отырысқа «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова мен облыстық мәслихаттың «AMANAT» депутаттық фракциясының жетекшісі Ғалым Бекмағамбетов қатысып, сөз сөйледі.

Жасырары жоқ, соңғы уақытта құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы, көрші елдердегі геосаяси шиеленістер жағдайында логистика проблемалары – осының барлығы біздің өңірдің дамуына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл алдымен облысымызда жоспарланған маңызды жобалардың уақытылы іске асырылуын тежеуге өз ықпалын тигізуде. Отырыс барысында атап өтілгеніндей, облыста кейбір жобалар жоспарланған уақытында аяқталмай қалуы мүмкін. Бұл жоспарланған жұмыстың 3 пайызын құрап отыр.

Жиында сөз сөйлеген Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Шұғырмақованың айтуы бойынша, жарты жыл ішінде сайлауалды бағдарламасы аяында жоспарланған 1570 іс-шараның 374-і (24 пайыз) орындалды, қалған 1169-ы немесе 76 пайызы белсенді іске асыру сатысында тұр. Баяндамашының айтуынша, өңірде көптеген салаларда айтарлықтай жетістіктер бар. Мысалы, Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасы» серіктестігіндегі егіншілік элементтеріне цифрландыру  бағдарламасы енгізілген болса, Есіл ауданының Знаменка ауылында сыйымдылығы 2000 тонна көкөніс қоймасы ашылды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес саласында жыл басынан бері 139 миллион теңгеге 31 грант берілді, бұл жылдық жоспардың 124 пайызы. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыстың 20 өңірін аралап, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көшпелі қабылдау өткізді.

Алайда, тіпті орындалмау қаупі бар 3 пайыздың немесе 45 іс-шараның облысымыздың өркендеуі үшін берері мол.  Өйткені, олардың әрқайсысы адамдардың тіршілік сапасын арттыруға бағытталған. Мысалы, орындалмаған үш пайыздың ішінде үш инвестициялық жоба бар.  Оларды пайдалануға беру мәселесі кейінге қалғандығының да өзіндік объективті себептері бар.  Яғни, лицензияларды ұзақ рәсімдеу немесе мердігерлермен ұзаққа созылған сот процестері салдарынан кейінге қалдырылатын болып отыр. Қаржыландырудың жетіспеушілігінен немесе жоқтығынан ақмолалықтар үшін сумен жабдықтау желілерін қайта құру, жолдарды жөндеу, жылу желілері мен қазандықтар, спорт алаңдарын салу бойынша маңызды жобалар тоқтатылды. Әрине, олардың көпшілігі жобаларды түзеткеннен кейін және қосымша қаражат бөлінгеннен кейін жалғасады.

Жиында Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіров  баяндама жасады. Басқарма басшысының айтуынша, биыл облыста 31 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның 20-сы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Тарқатып айтар болсақ, Көкшетау қаласында екі жатақхана мен үш балабақша, Целиноград ауданында үш балабақша, облыс бойынша 12 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Алайда, 14 нысанның құрылысы жоспарға сәйкес жүзеге аспауы да мүмкін дейді сала басшысы.

Кеңес отырысында Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, ауылдық елді мекендерде салынуы тиіс 30 сумен жабдықтау объектісінің тек бесеуі ғана аяқталған, тағы 13-і іске асырылу сатысында. Алайда, толық көлемде қаржыландыру 7 жоба бойынша бөлінген, қалған жобаларды іске асыруға – Ақкөл ауданының Жалғызқарағай, Сандықтау ауданының Новоромановка, Біржан сал ауданының Мақпал, Ерейментау ауданының Еңбек, Бурабай ауданының Наурызбай батыр, Атбасар ауданының Сочинское ауылдарында тағы 2,2 миллиард теңге қажет. Бұл қаражатқа бюджеттік өтінімдер салалық министрліктерге жіберілді, алайда, республикалық бюджеттен қолдау таппаса керек.

Жиын барысында  Ақмола облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасы басшының міндетін атқарушы Дина Бейсембаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов өңірімізде Жол картасы  бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Кеңес отырысын қорытындылап сөз сөйлеген Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ғалым Бекмағамбетов пен «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімова  қаржымен проблемалар жоқ жобаларда барлық жұмыстар сапалы және мерзімінде жүргізілуі үшін бар күш-жігерімізді салу қажет екендігін баса айтып, сала басшыларына нақты міндет жүктеді.

Екатерина ОДИНЦОВА. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар