Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ақмола облысына іссапармен келіп, бірқатар кәсіпорындар жұмысымен танысты, аймақ кәсіпкерлерімен ашық форматта кездесу өткізіп, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Минитрдің өңірімізге сапарында облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов бірге болды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ақмол облысына жасаған іссапары барысында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ісін жолға қойған «Макинск құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, оның инженерлік инфрақұрылымдық құрастыру жұмыстары барысымен танысты. Бұл – құс етін өндіру көлемі бойынша еліміз бойынша бірінші орында тұрған кәсіпорын. Мұнда 1,5 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Болашағы зор кәсіпорынның одан әрі даму жөнінде де ұтымды жоспарлары бар.
Министрге сондай-ақ, соя, күнбағыс және рапс тұқымдарын қайта өңдеу бойынша «Бота-2015» май экстрациялау зауыты таныстырылды. Бұл завод толық автоматтандырылған, бүгінгі заман талабына сай. Сыйымдылығы 44 мың тонна болатын заманауи элеваторлары бар. Дайын өнім сақтау технологиясы да мұнда толық сақталған. Жоба құны 6 миллиард теңге. Аталмыш кәсіпорын 70-ке тарта адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Келесі таныстырылған «Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетістігін оның жылына 22 550 теңге өнім өндіруінен аңғаруға болады.
Іссапар барысында министр «Даму» Қоры жергілікті филалымен де танысты. Соңғы екі жыл ішінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу қорытындылары баян етілді. 2020-2021 жылдары 28 миллиард теңге несие сомасына 824 жоба кепілдендіріліп, 58 миллиард теңге 443 жоба субсидияланған, 12 миллард теңгеге жуық несие сомасына 522 қарыз алушы жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізген.
Ұлттық экономикалық министрлік мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдан бастап, «БЖК-2025» құрылымдары 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға енгізілген. 2022 жылы Ақмола облысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шараларын іске асыруға 5,3 миллиард теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жалпы несие сомасы 280 миллион теңге 8 жоба субсидияланған және 800 миллион теңгелік 28 жоба кепілдендірілген.
Аймақ кәсіпкерлерімен өткен ашық форматтағы кездесуде шағын және орта бизнесті дамытудың мәселері, оның ішінде туризм субъектілеріне салынатын салықтар, акциздік саясат және импортталатын таурларға қатысты ҚҚС төлеу мәселелері талқыланды.
Ұлттық экономика министрі шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық баяндап, бизнес тарапынан айтылған кейбір ұсыныстардың сарапталатынын атап өтті.
Министрдің қабылдауына келген тұрғындар өз мәселелерін көлденең тартты.Ұлттық экономика министрі «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол министрліктің мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғын үй сатып алуға және салуға бюджеттік кредит мөлшерін ұлғайту мәселесі пысықталып жатқанын айтып өтті.
Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау барысында министр Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылы тұрғындарының «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелерін де қарады. Жалпы, өткен жылы аталған бағдарлама бойынша Ақмола облысының 22 ауылында әлеуметтік нысандар салынды, жолдар жөнделіп, мектептерде жөндеу жұмыстары жүгізілді. Ағымдағы жылы 6,5 миллиард теңгеге 25 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Бұдан басқа, министрлік ауылдық жерлерді мамандармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта 2009 жылдан бастап «Дипломмен – ауылға!» жобасы іске асырылуда. Жобаның негізі мақсаты – ауылдық жерлердегі елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандарды қолдау және ынталандыру. Мәселен, Ақмола облысында 259 жас маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие рәсімдей алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.