Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыз түрде шахтаға түсіп, көз жұмды - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыз түрде шахтаға түсіп, көз жұмды

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі алтын өндіретін шахтада белгісіз адамның денесі табылды. Бұл адам заңсыз түрде алтын іздеп, жер астына түскен адамның мүрдесі екені белгілі.

Ұйықтайтын қаптағы қайтқан адамды таңертең қараушылар шахта тіреушінің жанында жарылғыш затты тасымалдайтын вагонда минус 655 метрлік горизонтта тапқан. Диспетчер оқиға орнына полиция шақырған. Қайтқан адамның денесін анықтау кезінде оның Бестөбе кентінің тұрғыны екені анықталды. Ол Бестөбе руднигінде жұмыс істемеген, яғни, осы кәсіпорынның жұмысшысы болып табылмайды.

Алтын өндіретін Бестөбе кентінің шахтасы бір жылға жуық уақыт бойы тоқтап тұр, оның төменгі горизонттарын ағынды сулар басқан. Бұдан бұрын осы жылдың сәуір айында аталған рудниктің «Западная» шахтасының горизонтында қараушылар Павлодар облысының 43 жастағы тұрғынының денесін тапқан еді. Степногорск қалалық полициясының мәліметтері бойынша ол жүрек ауруынан көз жұмған. Марқұм заңсыз шахтаға түсіп, онда оны серіктері тастап кеткен деген болжам бар.

Біз айтып отырған оқиғада да сондай жағдай орын алуы мүмкін. Жанындағылар серіктерінің денесін ұйықтайтын қапқа салып шақта стволының жанында қалдырған. Бұл рудник қызметкерлері марқұмның мүрдесін сыртқа шығарады деген ойдан туындағаны анық.

Бестөбе руднигіне иелік ететін «Алтыналмас» компаниясының өкілдері жұмыс істемейтін және жартылай суға толтырылған шахтаға түсу және жүру адам өміріне қауіпті екендігін, онда желдеткіш және басқа инженерлік жүйелердің жұмыс істемейтіндігін, сондықтан, қауіп-қатер өте молдығын тағы бір баса атап көрсетеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар