Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан бензині Қырғызстанға контрабандалық жолмен тасымалданып жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан бензині Қырғызстанға контрабандалық жолмен тасымалданып жатыр

– 2022 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін белгіленген нормадан артық шығаруға тыйым салынды.

Енгізілген шектеулерге қарамастан, Қырғызстанмен шекаралас аймақта қазақстандық жанармайды контрабандалық жолмен саудалау тоқтамай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Қырғыз тарапынан «Қордай» шекаралық өткеліне іргелес елді мекендерде жол жиегінде пластикалық ыдыста АИ–92 маркалы қазақстандық бензинді 1 литр үшін 55 сом бағамен, сондай-ақ АИ-95 1 литр үшін 58 сом бағамен сату орындары ұйымдастырылған. Қырғызстандағы жанармай құю бекеттерінде олардың құны шамамен 60 және 63 сомды құрайды.

Контрафактіні сатушылардың айтуынша, жанар-жағармайды оларға жергілікті жеткізушілер де, қазақстандықтар да жеткізеді. Олар үшін шекара арқылы бензин тасымалдау – бизнес және тұрақты қосымша табыс көзі болып отыр. Өйткені Қазақстандағы отын бағасы айтарлықтай арзан.

Көптеген жүргізушілер отынды заңсыз сату мақсатында жеке көліктерімен шекарадан жанармай тасымалдайды. Олар жанармай бактарын көбейту арқылы автомобильдерінің техникалық сипаттамаларына өз бетінше өзгерістер енгізеді. Жанар-жағармай тасымалдаушыларының қауіпсіздік техникасын өрескел бұзуы автокөлік құралдарының жануына және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар