Жол апатынан 64 жастағы сандықтаулық көз жұмды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2022 жылғы тамыздың 8-де сағат 15:25-те «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1085 шақырымында болған.

Белгілі болғандай, Нұр-Сұлтан қаласы бағытында жүріп келе жатқан «Mercedes-Benz» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Volkswagen Touareg» көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі, Сандықтау ауданы Владимировка ауылының 64 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы түрлі дене жарақатымен Астрахан ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі таңда, жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы ретте, тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар