Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Есімі мен ерлігі халық жадында мәңгі сақталады - АРҚА АЖАРЫ

Есімі мен ерлігі халық жадында мәңгі сақталады

Кеңестік заманда өмір сүрген қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, батыр азамат Жұмабек Тәшенев (1915-1986) туралы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері көп айтылып және жазылып жүр. Жұмабек Ахметұлы Тәшенев аумалы-төкпелі кеңестік қиын заманда өмір сүріп, жақсы білім мен тәрбие алды.

Ақмола, Қарағанды облыстарының комсомол, партия, кеңес органдарында еңбек етіп, 1944-1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарды, 1948-1952 жылдары облыстық атқару комитетінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді. Біліктілігі мен іскерлігінің, еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қызмет сатысымен тез өсіп, 1952-1955 жылдары Ақтөбе облысының басшысы, 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (қазіргі ұғым бойынша бір палаталы кеңестік Парламент-авт.) және 1960-1961 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы (қазіргі ұғым бойынша Премьер-министр) қызметтерін атқарды.

Жұмабек Ахметұлы бес-алты жыл республиканың жоғары басшылығы құрамында қызмет атқарғанда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуын қамтамасыз ету ісінде елеулі жұмыстар атқарды.

Солардың қатарында Ж.Тәшеневтің Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтап қалу жолындағы ерлік ісі қазақ халқының жадында мәңгі сақталып қалды.

Жұмабек Ахметұлының Қазақстанның орталық және солтүстігіндегі бес облысын, яғни, «Тың өлкесі» деп аталатын үлкен бөлігін Ресей Федерациясына қосу туралы сол кездегі Кеңес Одағының басшысы Никита Хрущевтің жоспарына қарсы шығып, жеріміздің тұтастығын сақтап қалғанын қазақ халқы сол кездің өзінде-ақ аңыз етіп айтты.

Н.Хрущев Ж.Тәшеневтің бұл әрекетін кешірмей, 1961 жылғы 6 қаңтар күні қызметінен кетірді. Ол кезде қазіргідей жылдам хабар тарататын ғаламтор жүйесі, интернет, ұялы телефон байланысы жоқ болғанымен, ауызекі хабармен ел арасында Ж.Тәшенев ерлігі тез тарады. Қазақ халқы бұл азаматты ертеде қазақ жерінің тұтастығы үшін күрескен батырларға теңеді.

Жер және мемлекет бір-бірімен терең байланысқан ұғымдар.Өзіне тиесілі жері болмаса мемлекет те болмайды. Әлемде халық атанғанымен, мемлекеті жоқ ұлттар жиі кездесетіні мәлім.

Қазіргі уақытта астанамыздағы университетке есімі берілген көрнекті орыс тарихшысы Л.Н.Гумилев өзінің еңбегінде Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ жерді ежелгі замандардан бері мекендеген қазақтарды «Мәңгілік елдің мұрагерлері» деп дәлелдеген болатын.Ал, Қазақстан жер көлемінен әлемде 9-шы орын алатын мемлекет. Осындай ұлан-байтақ жерімізді осыдан 62 жыл бұрын бөлшектеуден қорғап қалғанЖұмабек Ахметұлы ата-бабамыздың ғасырлар бойы атамекенді қорғау жолындағы күресін келесі ұрпаққа берілген аманаты ретінде ұғынып, асқан ерлік іс жасады.

Қазіргі уақытта Никонов, Федоров, Зюганов сияқты ресейлік саясаткерлер Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында тұратын қазақстандық азаматтарды, яғни,«…орыстарды қазақ ұлтшылдарының қысым жасауынан қорғау үшін Ресейге тұратын жерімен бірге қосып алуымыз керек» деп ауық-ауық науқандатып жүргенде, ел мен жердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрқашан дайын болу әрбір қазақ азаматының қасиетті борышы екенін ұғынудың маңызыарта түсетіні анық. Бұл арандату жағынан Жириновский әбден діңкемізді құртып еді, әйтеуір, коронавирустан келген ажал оны алып кетті.

Ерлік тек соғыс кезінде ғана емес, бейбіт өмірде де жасалатыны белгілі. Ерлікті ешкім де «мен атымды шығарып, тарихта жазылып қалу үшін жасадым» демейді. Қоғамға, өзі өмір сүрген ортаға, дос-жолдас, көршілерге, адамдарға, дүние-мүлікке қауіп төнгенде ондай азамат еш ойланбай өзінің өмірін қатерге тігіп,бір сәтте ерлік әрекет жасайды.

Кеңестік заманда Ж.Тәшенев ерлігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жазуға жол берілмеді. Тек Кеңес Одағы ыдырау қарсаңында, «қайта құру», «жариялылық» науқандары тұсында ғана Ж.Тәшенев туралы замандастарының бірлі-жарым естеліктері, журналистердің зерттеулері жариялана бастады.

Соңғы жылдары демократия, сөз, баспасөз еркіндігін пайдаланып, Жұмабек Тәшеневтің қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу жолындағы ерлігіне оған нақты жазба дерек-дәлел жоқ, аңыз-әңгіме деп кейбір азаматтар тарапынан күдік келтірушілер де бой көрсетуде.

Ж.Тәшеневтің ұлты үшін жасаған бірқатар істерін халқының сүйсініп, мақтан етіп, кейде әсірелеп ауыз екі айтуы да мүмкін. Бұл қазақ ұлтының батыр тұлғасына деген құрметінің бір көрінісі болуы деп түсінген жөн. Қалай дегенмен де, Жұмабек Ахметұлын халық әлдеқашан мойындаған, оның қазақ жерінің тұтастығын сақтау жолындағы ерлігін ұлт тарихынан ешкім өшіре алмайды.

Егемендікке қол жеткен соң батыр қайраткердің осы бір тарихи еңбегі кеңінен насихаттала бастады. Ғылыми конференциялар, телехабарлар  ұйымдастырылып, кітаптар, дастандар жазылып,  ән шығарылып, деректі фильмдер түсірілді. Бірнеше ірі елді мекендерде батыр қайраткердің есімі көшелерге, мектептерге берілді. Қарағанды облысының Нұра ауданында Ж.Тәшеневке арналған спорт жарысы ұйымдастырылды.Елордада 2021 жылы еңселі ескерткіші бой көтерді. Мұның бәрі халықтың ұлт батырына деген құрметі қазақ ұлты барда ешқашан өшпейтінін көрсетеді.

Сейітқали ДҮЙСЕН,
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері,
педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар