«Ақбидай»  спартакиадасы: жігерлілер жарысы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Біржан сал ауданына жұмыс сапары барысындаспортшылар мен жанкүйерлерді осы өңірде басталған 33-ші  «Ақбидай-2022» жазғы спорт ойындары олимпиадасының ашылуымен құттықтады.

–Құрметті халайық! Сіздерді  жастық пен денсаулық мерекесі –«Ақбидай» жазғы спорт ойындары олимпиадасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! – дей келе, облыс басшысы одан әрі өз сөзінде соңғы жылдардағы спорттың дамуы, спортшылардың жетістіктері, тұрғындардың спортпен шұғылдануына жасалған жағдайларға тоқталды .

–Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорттың дамуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы орайда айта кетсек, бұқаралық спорттың дамуы жөнінен біз еліміз бойынша 3-ші орындамыз. Біздің облысымыз спорттық нысандар салуды қолға алып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жақында ғана Целинорад ауданының Ақмол ауылында денешынықтыру және спорт кешені пайдалануға берілді.

Бурабай ауданының Мәдениет ауылында, Жақсы ауданының Жақсы ауылында спорт кешендері салынуда.Шортанды, Балкашин ауылдарының стадиондарына күрделі жөндеулер жүргізілді. Бұл жұмыстарға жеке кәсіпкерлер де қолдау көрсетуде, –деген өңір басшысы Қосшы, Ерейментау, Щучинск қалаларында, тағы басқа елді мекендерде салынып жатқан  көптеген спорттық нысандарды атады. Кәсіпкерлердің қолдауы арқасында Атбасар ауданының Щуйск ауылында көпбейінді спорт кешені іске қосылды. Жақсы ауданындағы Белағаш ауылында бүгінгі талапқа сай спорт нысаны қолға алынды.

Есіл, Қорғалжын аудандары мен Қосшы қаласында, Целиноград ауданының   «Родина» ауылында да сондай нысандар  салынбақ. Өткен жылы 34, ағымдағы жылы 50 спорт алаңдары жабдықталған.  Бұқаралық спорттың үлкен спорттағы жеңістерге бастайтыны белгілі.Өңір спортшылары тек биылғы жылдың өзінде әртүрлі дәрежедегі 900-ден астам медальдарға қол жеткізген. Жергілікті жерлердегі осындай жарыстар арқасында алдыңғы буын үздік спортшылар орнын жас жеткіншектер басып келеді.

Ермек Маржықпаев сондай-ақ, өзінің құттықтау сөзіндеДэвид Дегтярев, Теміржан Жүсіпов, Дина Жоламан, тағы басқа спортшыларымыздың жеңісті жолдарына тоқталып, оларға  және олардың бапкерлеріне, кейінгіге үлгі көрсеткен спорт ардагерлеріне алғыс айтты.

Одан әрі спартакиадаға қатысушы командалардың  шеруі тамашаланды. Жас спортшылар спорттың көптеген түрлерінен қызықты көріністер көрсетіп, өнерпаздар тартымдыконцерттік номерлер ұсынды. Алаңға жазғы спартакиада жалауы шығарылып, алауы жағылды. Алдағы күндері спортшылар қызу тартысқа түспек.

                                                     Серік САПАРҰЛЫ,

                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар