Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне 13 тамыз күні кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі туралы арыз түсті, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Сол күні күдікті “ізін суытпай” ұсталды. Полиция оның жеке басын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.