Жас велошабандоз Руслан Марченко алтын және күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Нұр-Сұлтан қаласында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 150-ден астам спортшы қатысқан. Жарыс нәтижесі бойынша ақмолалық спортшысы, №7 ОСДЮШОР-ның тәрбиеленушісі Руслан Марченко нокаут бойынша чемпион атанып, «Скретч» түрінен күміс медальді жеңіп алды. Қос медальдің иегерін жеңісімен құттықтап, алар асуың биік болсын, жас велошабандоз демекпіз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.