Руслан – Қазақстан чемпионы

Жас велошабандоз Руслан Марченко алтын және күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Нұр-Сұлтан  қаласында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 150-ден астам спортшы қатысқан. Жарыс нәтижесі бойынша ақмолалық спортшысы, №7 ОСДЮШОР-ның тәрбиеленушісі Руслан Марченко нокаут бойынша чемпион атанып, «Скретч» түрінен күміс медальді жеңіп алды. Қос медальдің иегерін жеңісімен құттықтап, алар асуың биік болсын, жас велошабандоз демекпіз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар