Денсаулыққа келтірілген залал және моральдық зиянның өтемақысы өндірілді

Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының шешімімен азаматша «Е»-нің жауапкерлер азаматтар «Г» мен «Ч»-ға денсаулығына келтірілген залалды өтеу және моральдық зиянды өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды.

Сот азаматша «Е»-нің пайдасына 357 914 теңге сомасындағы материалдық залалды, 85 131 теңге мөлшерінде айырылған жалақыны, 5 000 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянды өтеуді және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды азаматтар «Г» мен «Ч»-дан бірлесіп өндіріп алды.

Сотпен анықталғандай, азаматша «Е» Атбасар қаласында жұмысқа бара жатқан жолында оған “Алабай” тұқымды итімен шабуыл жасалған және оның денсаулығына ауыр зиян келтірілді.
Атбасар ауданының полиция бөлімі ит иесі азамат «Ч»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Алынған зақымдардың нәтижесінде азаматша «Е» стационарлық емделуде болды, оған бұдан әрі емдеу және протездеу қажет. Емдеу барысында мүгедектер арбасын, дәрі-дәрмек және т.б. сатып алуға ақшалай қаражат жұмсалды. Азаматша «Е» жалпы еңбек қабілетінен айырылды, оның сол аяғы кесіп тасталды.

Азаматтар «Ч» мен «Г»-ның итке тиесілі құжаттары жоқ. Ит азиялық тұқымды, 6 жаста, азамат «Ч»-ға тиесілі. Азаматтар «Ч» мен «Г»-ның жауапкершілігі ортақ, өйткені ит олардың бірлесіп өмір сүру кезеңінде сатып алынған, олар бірігіп итке күтім жасаған.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар