Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жатақханалардың дайындығына тексеріс жүргізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Жатақханалардың дайындығына тексеріс жүргізілуде

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері облыс орталығындағы жатақханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында студенттік жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын бақылап көрді. Тексеру қорытындысы бойынша білім алушылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтылып, мәселелер талқыланды.

Құрылыс-технологиялық колледжінің жатақхана ғимараты 1968 жылы салынған. Колледж студенттері мұнда тегін тұрады. Бұдан бөлек, оларға күніне үш рет ыстық тамақ беріледі. Онда жуынатын бөлме, спортзал, кір жуатын және ас бөлмелері бар.

– Біздің жатақхана 307 орынға арналған. Студенттерге орын жеткілікті. Сондай-ақ, біз музыкалық колледжге де көмек ретінде орындар бөлеміз. Биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіздік. 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Құрылыс жұмыстары аясында терезе мен едендер толық ауыстырылды,– дейді құрылыс-технологиялық колледжі жатақханасының меңгерушісі Татьяна Пешкова.

Арнайы мониторингтік топ жоғары және орта арнаулы оқу орындарына тиесілі 14 жатақхананың дайындығын тексереді. Қазіргі таңда соның төртеуі тексерістен толық өткен.

– Біз медициналық және құрылыс-технологиялық колледждерінің жатақханаларына мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Санитарлық және өртке қарсы нормалар сақталған. Алайда, жарық мәселесіне қатысты, сондай-ақ, жуынатын бөлмелерде бірнеше проблемалар бары анықталды, –дейді «Жастар Рухы» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарыМаржан Мускина.

Жүргізілген мониторинг аясында студенттерден ақпарат жинау, жатақханаларда орын бөлу кезінде заңсыздық фактілері бойынша жедел желі іске қосылған. Жедел желі телефоны: 87765584439. Келіп түскен шағымдар уәкілетті органдарға жіберіліп, тиісті шешімін табады деген сенімдеміз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар