Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндірістік көрсеткіштерді төмендетпеу – бүгінгі басты міндет - АРҚА АЖАРЫ

Өндірістік көрсеткіштерді төмендетпеу – бүгінгі басты міндет

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен кеңейтілген әкімдік мәжілісі болып өтті.

– Біз бүгін күрделі сұрақтарды қарастырамыз. Олардың әрқайсысы үшін нақты айтып қана қоймай, тиісті шешімдер қабылдау қажет, – деген өңір басшысы  Ермек Боранбайұлының сөзі осы аптада өткен кеңейтілген отырыстың іскер, сындарлы сипатын айқындап бергендей.

Онда хабарлама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, өсімдік майы өндірісі заттай есептегенде 26,5 пайызға, өңделген, сүт 25,1 пайызға, сары май 7,1 пайызға төмендеген. Пластмассадан жасалған жолақтарды өндіру, астық жинайтын комбайндар, подшипник, трактор өндірісі де қысқарған. Әрине, облыс деңгейінде шешілмейтін себептер де бар. Бірақ, бұл ретте Ермек Боранбайұлы жеткізушілер, құрамдас бөліктер, инвестициялар үшін басқа да нұсқаларды іздеу қажет екенін баса айтты. Көкшетау қаласы мен Жарқайың, Егіндікөл, Біржан сал, Сандықтау, Бұланды, Зеренді аудандарында нақты көлем индексінің айтарлықтай төмендеуіне жол берілгені байқалады.

Отырыста ақмолалықтардың кірісіне қатысты жағдайға ерекше назар аударылды. 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы орташа айлық жалақы 2021 жылмен салыстырғанда 21,1 пайызға өсіп, 236,1 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш облыс бойынша бірнеше жыл қатарынан тұрақты түрде келе жатқан 13-орыннан 16-шы орынға ауысқанына алаңдамау мүмкін емес.

– Өңірдегі орташа жалақының өсуі негізінен мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру есебінен қамтамасыз етілгені анық, – деді Ермек Маржықпаев жағдайды саралай келе. – Ал, экономиканың нақты секторы ше? Шағын және орта бизнес кәсіпорындарындағы еңбекақы жағдайы қандай? «Сұр схемалардың» бар екенін, атап айтқанда, облыс орталығындағы жағдай көрсетеді: «Бұл жерде жұмыс орындарының тапшылығы жоқ. Мүмкіндігінше, жалақы 100 000 теңге болса, жұмыс істегені үшін 200 000 теңге төлейміз деп уәде берген компаниялар да бар, бірақ, оларға адамдар бармайды. Яғни, «Конверттегі жалақыдан» басқа оны бір орында ұстап тұрған не? Бұл бюджетке түспеген салықтар»,  – деп баса айтты өңір басшысы.

Облыс әкімінің кәсіпкерлік субъектілерімен тиісті жұмыстарды жүргізу туралы тапсырмасын орындау оңай емес. Бірақ, ықпал ету тетіктері, ең алдымен, фискалдық органдар арқылы тығырықтан шығу жолы бар.

Отырыста облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтің сөзін саралай келе, облыс әкімі кейбір аудандарда бірінші сыныпқа баратындар санының азайғанына назар аударды: «Бұл дегеніңіз ауылдардан адамдар кетіп жатыр деген сөз. Неліктен? Тұрғындардың кетуін азайту үшін не істеу керек? Демек,  «Ғимараттарды сақтаңыз, коммуналдық меншікке беріңіз немесе сатуға қойыңыз» – бұл Ермек Боранбайұлының оқушылары жоқ шағын ауылдардағы жабылған 10 мектепке қатысты ұсынысы болатын.

Бейбіт Әйтімұлының айтуынша, педагогикалық кадрлардың тапшылығы 259 адам болса, олар негізінен математика, физика, биология, химия, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне қатысты. Оның үстіне, толыққанды оқу жүктемесі үшін бұл пәндер бойынша сағаттар жетіспейтін шағын ауылдық мектептер бар. Демек, жалақы мәселесі де бар. Бұл тұрғыда «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы мәселені жартылай шешуге көмектеседі. Биыл да облыс әкімінің гранты бойынша жоғары педагогикалық білім алған 100 жас маман мектептерге жолдама алды. Тағы 400 жас ақмолалық оқуын жалғастыруда.

Жылыту маусымына дайындық – әкімдік отырысында қаралған үшінші мәселе болды. Жалпы, нысандардың дайындығы 77 пайыздан асты, жөндеу мекемесіне қарастырылған қаражат толығымен игерілуде. Сонымен бірге, бұл ретте бірнеше аудандағы қазандықтарды жөндеуге қосымша қаражат қажет. Көрсетілген коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешек 1487,6 миллион теңге, оның ішінде жылумен жабдықтау – 328,5 миллион теңге, сумен жабдықтау және су бұру – 278,3 миллион теңге, электр энергиясы бойынша – 880,8  миллион теңгені құраған. Ең көп дебиторлық берешек Көкшетау, Степногорск қалалары мен Бурабай, Целиноград аудандарында.

Облыс бойынша кредиторлық берешек 3,3 миллиард теңге. Сондықтан, «Көкшетау жылу» МКҚК, «Бурабай жылу» МКҚК, «Атбасар су» МКҚК, «Есіл горкомхозы» МКҚК мекемелері ірі борышкерлер болып саналып отыр. Электр энергиясын жеткізушілерден сатып алынған электр энергиясының құны 4 пайыздан 26 пайызға дейін көтерілген. Сатып алынған судың, көмірдің, жалақының, шикізат пен материалдардың, бөгде ұйымдардың қызметтерінің құны айтарлықтай өскен.

Жылу маусымы басталысымен тұрғындар үшін тарифтерге алаңдаушылық болмас үшін, облыс әкімі оларды өзгертуге өтініш беруді жеделдетуді тапсырды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Нина МИТЧИНОВА.

Суретті  түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар