Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Әсет Жақсылықовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өттi. Жиын барысында жылу беру кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығы баса айтылып, ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап облыс бойынша тұрғын үй секторларында өрт қауiпсiздiгi айлығы басталғандығы хабардар етілді.

Департамент кызметкерлерi жылу беру кезеңі басталғанға дейін жылыту пештеріне жөндеу жүргізуді ұсынады. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес түтiн мұржасын үш айда бiр рет тазалау керек. Бұдан басқа, қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға тыйым салынады. Ең бастысы, балаларға тұрмыстық құралдарды өз еркiмен пайдалануға рұқсат етпеу, сiрiңкелердi балалардың қолы жетпейтін жерлерге қою және кiшкентайларды ересектердiң қарауынсыз үйде жалғыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.

–Сондай-ак, департамент жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерiмен бiрлесiп, халықтың әлеуметтiк осал топтары – көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын әрекетке кабiлетсiз адамдар және зейнеткерлiк жастағы адамдар тiзiмдерiн жасау арқылы әлеуметтік тәуекел тобындағы адамдармен жұмыс жүргізуде. 2022 жылғы маусымда департаменттiн аумақтық бөлiмшелерi халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының, яғни, мүгедектер, қарттардың тізімдерін жасады. Оған 6 мыңнан астам адам енгiзiлдi. Нұсқама жүргiзу кезiнде эвакуациялау жолдарының, көп пәтерлі тұрғын үйлердегi жалпы пайдалану орындарының жай-күйiне ерекше назар аударылады, отынды, қазандықтар мен өзге де жылу өндiргiш қондырғыларды дайындау режимiн сақтау, пештерді, жылыту құрылғыларын пайдалану қағидалары түсiндiрiледi, – дейді Әсет Жақсылықов. Спикердің айтуынша, 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңiнде халыктын әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 3 345 улы газды ерте анықтау датчигі орнатылды. Жыл басынан бері орнатылған датчиктер саны 650.

Өкiнiшке карай, жүргiзiлiп жатқан үгіт-профилактикалық жұмыстарына қарамастан, өткен жылдың жылыту кезеңiнде облыста 356 өрт оқиғасы тіркеліпті. Одан келген материалдық шығын 45 миллион теңге төңiрегiнде. Өткен жылу беру маусымында өрттің қауiптi факторларынан 17 адам каза тапты, оның ішінде бір бала бар.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тiлшiсi.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар