Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ардагер ұстазға  құрмет көрсетілді - АРҚА АЖАРЫ

Ардагер ұстазға  құрмет көрсетілді

Облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов Білім күніне орай 94 жаста Пішенбай Мұқановқа арнайы барып, мерекемен құттықтады.

40 жылға жуық ғибратты ғұмырын білім саласына арнаған ардагер ұстазға облыстық білім басқармасының және Зеренді ауданы әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Пішенбай Мұқанов қазіргі таңда Зеренді ауданына қарасты Айдабол ауылында тұрады. Ол өзінің еңбек жолын бұрынғы Уәлиханов ауданынан бастаған. Содан бері 38 жыл білім саласында талмай тер төккен. Соның 28 жылында директорлық лауазымда болған. Десе де білікті педагогтың бүгінгі оқушыларға көңілі толмайтыны да байқалып қалды. Оған себеп ұялы телефон екенін алға тартады.

– Қазіргі балалар технология деп ұялы телефонға кіріп кеткен. Ал, бұрынғы оқушылар кітапқа құштар еді. Кітап жетіспеген күннің өзінде амалдап, тауып оқитын. 10 балаға бір кітап болатын кездер болды. Соның өзінде олар кітап оқуға құштар болды. Қазір бәрі бар ғой. Сондықтан, оқушылар бақытты деп ойлаймын, – дейді Пішенбай Мұқанов.

Сонымен қатар, қағаз-қаламынан қол үзбеген ардагер ұстаз осы уақытқа дейін 10-нан астам кітап жазған. Бірнеше мектептің тізгінін ұстаған білікті ұстаз отбасында аяулы жар, ардақты әке, сыйлы атаға айналған. 66 жыл шаңырақ көтерген жан жарымен бүгінде 20-дан астам немере-шөбере сүйіп отырған өнегелі жан. 

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар