Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегі бойынша, алдымен құдыққа 40 жастағы ер адам түскен. Кейін ол есінен танып құлаған кезде, 42 жастағы ағасы құтқармақшы болады. Ол да есінен танып қалады.
Артынша көмекке құтарушылар келіп, ағалы-інілі екеуін алып шығады. Белгілі болғандай, ер адамның екеуі де кәріз құдығының ішіндегі аммиак буына уланған.