Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік кірістер департаментіне - жаңа басшы - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік кірістер департаментіне — жаңа басшы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың 2022 жылғы 5 қыркүйектегі бұйрығымен Дулат Нұрмолдин ротация тәртібімен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан еспубликасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен облыс активіне Дулат Нұрмолдинді таныстырды.

Дулат Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Москва ауданы Заградовка ауылында дүниеге келген. Білімі бойынша инженер гидротехник, экономист-бухгалтер, экономист-қаржыгер және заңгер. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 28 жылды құрайды. Мәскеу қазіргі заманғы гуманитарлық институтын, Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын және Көкшетаугуманитарлық-экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы «Образцовый» совхозының машина ауласында жұмысшы болып бастады. 1990 жылдан 1992 жылға дейін Алматы қаласында «Казводпромстройматериалы» кәсіпорнында 3 разрядты ілмектеуші болып жұмыс істеді. 1993 жылғы тамыздан бастап әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде Петропавл қаласы бойынша салық инспекциясының басшылық лауазымында жұмыс істеді.

2008 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың қыркүйек айына дейін Оңтүстік қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы болды.

2010 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қараша айына дейінАқмола облысы бойынша Салық департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2014 жылғы қарашада Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2015 жылғы тамызда Ақмола облысы мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2019 жылдың мамыр айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар