Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдауда іске асырудың міндеттері белгіленді - АРҚА АЖАРЫ

Жолдауда іске асырудың міндеттері белгіленді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткізілген кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев  өз сөзінде Мемлекет басшысының ел халқына жолдаған Жолдауы еліміздің экономикалық-әлеуметтік қайта құрылуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат екендігін атап өтті.

Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты тақырыпта  Қазақстан халқына арналған Жолдауы жария етілді.Мемлекет басшысыұсынған реформаларқоғамда орын алған сауалдардың шынайы көрінісі болып табылады. Жолдау   бес маңызды бағдарға бөлінген. Ендігі орайда, біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр.  Ел Президенті алдағы бағыт-бағдарды айқындап берді, күрмеулі мәселелерді шешу, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық салаларын одан әрі дамыту жолында аянбай жұмыс істеуіміз қажет,– дей келіп, Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен тапсырмаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарына тоқталды. Сөйтіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын, еңбек өнімділігі мен халықтың табысын арттыру керектігі туралы  және тағы басқа маңызды міндеттерді баса айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Кеңесте күні кеше Зеренді ауданында болған орман өрті туралы мәселе де талқыланды. Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегі күні 20 сағат 05 минутта «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Зеренді филиалында өрт шыққаны туралы хабарлама келген.   Облыс әкімі Ермек Боранбайұлының  нұсқауы бойынша облыстық жедел штаб құрылып,  оқиға орнына дереу Атбасар, Сандықтау және Зеренді өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары жіберілді. Жел секундына 15 метр  екпінмен соғып тұрған сәтте өртті сөндіру оңай болған жоқ. Дегенмен,  жедел жасақталған іс-қимылдың, бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт түнгі 00.00-де ауыздықталған. Жиында айтылғанындай, 104 гектар аумақтағы орман өртке оранған. Орман өртін сөндіруге 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Өртті жою жұмыстары әлі де жалғасуда.

Отырыс барысында қазіргі таңда елді елеңдетіп отырған Қостанай облысындағы алапат өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалында гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылып, көмектің алғашқы легі жіберілгендігі айтылды. Партияның облыстық және 20 аудандық филиалдарында гуманитарлық көмек көрсету пункттері жұмыс істейді. Онда жалпы салмағы 15 тоннадан астам көмек қоры жиналған.

Күн тәртібінде қаралаған мәселелерді қорытындылай келе, облыс әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардыжүйелі атқару керектігін тапсырды.

 

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар