«Игі істер автобусы» акциясы жалғасуда

Аршалы кентіндегі агротехникалық колледжінің «Ашық жүрек» волонтерлері Балалар жылы аясында «30 игі іс» акциясын өткізді.

Волонтерлер еңбек ардагері Н.С.Хазееваға үй маңын жайғастырып, шаруашылық құрылыстарын ақтауға көмек көрсетті.
«Үлкендерге риясыз көмек көрсетіп келе жатқан мұндай ұрпаққа еліміздің болашағын сеніп тапсыруға болатынына сенімдімін! Ата-аналар мен педагогтарға оларды еңбексүйгіштікке тәрбиелегені үшін алғысым шексіз», – деді еңбек ардагері.

Айта кетсек, өңірдегі колледждердің қызметкерлері мен студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясында жалғыз басты зейнеткерлерге үй маңын тазалап, картоп, көкністерін жинауға тұрақты түрде көмектесіп тұрады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар