Ақмола облысындағы Новомарковка ауылының атауы өзгереді

– Ерейментау ауданындағы Новомарковка ауылының атауы Майлан болып өзгертілмек. Ақмола облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі «Ашық» НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысы Ерейментау ауданының Новомарковка ауылы Майлан ауылы деп аталсын. Бұл шешім Ақмола облысындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендерді қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында жасалып отыр», – делінген бірлескен шешім шығарылған құжатта.

Қаулы 22 қыркүйекке дейін ашық талқылауға шығарылған. Кейін елді мекен атауын өзгерту шешімі күшіне енеді.

Қоса кетсек, осы аптада депутаттық топ Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтару туралы ұсыныс жасады. Кейін бұл бастамаға қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Ерлан Қошанов және Үкімет мүшелері пікір білдірген еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар