Атбасарда аңшы жігіт балық аулап отырған адамға оқ атқан

– Атбасар аудандық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері аң аулау кезінде абайсызда оқ тиген ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің 2-сінде Атбасар аудандық көпбейінді ауруханасына мойын, кеуденің он жақ тұсына оқ тиген 39 жастағы ер адам түсті. Науқастың сөзінше, Есіл өзенінің маңында балық аулап жүрген оған белгісіз біреу оқ атқан.

«Дәрігерлік тексеріс кезінде ер адамның мойын тұсынан, оң жақтағы супраклавикулярлық аймаққа оқ тигені анықталды. Науқасқа дәрігер хирург Виктор Козеев ота жасады», – деді ведомстводан.

Атбасар аудандық көпбейіңді ауруханасының бас дәрігері Зарыққан Шаубаевтың айтуынша, бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Ер адам травматология бөліміне жатызылды.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шегушіні Атбасар қаласының 1990 жылғы тұрғыны аң аулап жүргенде абайсызда атып жіберген. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі «абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Бұдан бөлек, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын бетіне үшкір темір қадалған 10 жасар баланы құтқарған ақмолалық дәрігерлер марапатталған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар