Өртпен күрескен құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Көкшетауда Қостанай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев өрт сөндіруші-құтқарушыларға алғысын білдіре отырып, ақмолалықтар алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жіберіп, отпен күресу үшін қосымша күш жібергенін атап өтті.

–Қостанай облысының тұрғындарын құтқаруға және елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Ақмола облысынан 60 өрт сөндіруші мен 8 техника, сондай-ақ, МИ-8 тікұшақ техникасы жұмылдырылды. Өрттерді сөндіру кезінде біздің құтқарушылар 2 мыңға жуық адамды эвакуациялады, 6 елді мекенді – Аманқарағай, Әулиекөл, Лесное, Бағаналы, Озерное және Қазанбасы ауылдарын құтқарды, сондай-ақ, орманды дала алқаптарын сөндіруге қатысты, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Соныменқатар, облысәкіміЗерендіауданындағыөрттіжоюкезіндеазаматтыққорғауоргандарыныңжеделжұмысынатапөтті.

Көкшетауқаласымамандандырылғанөртсөндірубөлімдерінің, Щучинск қаласыжасағыныңөртсөндірубөлімдерініңқызметкерлеріоблысәкімініңатынанАлғыс хаттар мен естеліксыйлықтаралды. Олардың қатарында Көкшетау қаласындағы №1 құтқару-өрт бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Мақсат Хамзин, Щучинск қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Санжар Болатов, Көкшетау қаласындағы №2 құтқару-өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысыАйбек Қайыржанов және басқалары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйеккүніҚостанайоблысы, Әулиекөлауданы, Қазанбасыауылынан 20 шақырымжерде, Басаман КШШ аумағында алдын ала болжам бойынша 600 гектар алаңда ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген, өрт сөндіру желдің екпіні мен 36 градус қаттыыстықпен күрделене түскен. Өңірде өртті екі мыңнан астам адам мен 250-ден астам техника сөндірген болатын.

7 қыркүйекте Қостанай облысында ірі табиғи өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп келес ікүні Нұр-Сұлтанқаласы ТЖД мен Солтүстік Қазақстан облысы өңірлерінен келген құтқарушылар үйлеріне жол тартса, ақмолалық құтқарушылар ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін жұмысын жалғастырған болатын.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар